09 желтоқсан 2018 10:15

Мексикалық қыз "Әлем аруы-2018" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ванесса Понсе де Леон. © Instagram Ванесса Понсе де Леон. © Instagram

Мексиканың атынан қатысқан Ванесса Понсе де Леон "Әлем аруы-2018" атанды. Бұл туралы байқаудың Instagram парақшасында хабарланды.


Мексиканың атынан қатысқан Ванесса Понсе де Леон "Әлем аруы-2018" атанды. Бұл туралы байқаудың Instagram парақшасында хабарланды.

Мексикалық ару 26 жаста. Оның халықаралық бизнес бойынша ғылыми дәрежесі бар және ол оңалту орталығы директорларының кеңесінің құрамында бар. Ванесса - ерікті, модель әрі жүргізуші. Қыз волейбол мен сурет салумен әуестенеді.

View this post on Instagram

A post shared by Miss World (@missworld) on

"Әлем аруы-2018" жеңімпазы ақшалай сыйлыққа ие болады, алайда келісімшарт бойынша оны қайырымдылыққа береді. Қызда тәж қалады және оның бір жыл бойы Лондондағы пәтерінің ақысы төленеді, келесі байқауға дейін қайырымдылық шараларына қатысуға міндеттеледі.


Ванесса Понсе де Леон. © missworld.com

"Әлем аруы-2018" сұлулық байқауының финалы 8 желтоқсанда Хайнань қытай аралында өтті. Оған 118 елден қыздар қатысты. Олар финалда әлем халықтары билерін орындады, шығармашылық номерлерін және кешкі көйлектерін көрсетті.

Қазақстанның атынан қатысқан Екатерина Дворецкая үздік отыздыққа кірмей қалды, сөйтіп жарыстан шығып қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети