21 қыркүйек 2016 08:36

"Шымкент аруы - 2016" байқауының жеңімпазы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекжігіт Тоғжан. © Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Бекжігіт Тоғжан. © Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше, қала күніне арналған мерекелік шара аясында облыстық опера және балет театры "Шымкент аруы - 2016" ұлттық арулар байқауы өтті. Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған сұлулар сайысына шаһардағы 16-23 жас аралығындағы 16 қыз қатысып, өзара бақ сынасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылар шығармашылық тұрғыда өзін таныстырса, екінші кезекте зияткерлік байқауында білімділігін пәш етті. Ал соңғы тур сән шоуына ұласты. Үш кезеңнің қорытындысына сай үш номинация бойынша жеңімпаздар таңдап алынды. Осы реткі байқауда бәсекелестікті арттыра түсу үшін бағалау тәсіліне онлайн дауыс беру әдісі қосылды. 

Осылайша қазылар шешімімен "Шымкент аруы - 2016" байқауының жеңімпазы Бекжігіт Тоғжан, І-ші вице мисс Файзулла Айыпжан, ІІ-ші вице миис Дайана Сәдуақасова атанса, көрермен көз айымы аталымы бойынша Салима Бейсенғалиева жеңіп алды. 

Бұл байқаудың жеңімпаздарына 165 мың теңге көлемінде жүлде қоры белгіленген. Бұл реткі сұлулар сайысының бас жүлдегері алда өтетін республикалық "Қазақстан аруы" байқауына жолдама алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети