Сингапурда өткен сән байқауында қазақстандық қыз бас жүлдеге ие болды

17 Ақпан, 12:55
0
Сингапурда өткен сән байқауында қазақстандық қыз бас жүлдеге ие болды -

Қазақстандық 17 жастағы Гүлбану Мадиярова Сингапурда өткен Miss Heritage International 2019 халықаралық сұлулық байқауында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Байқауда қыз бала Орталық Азия намысын қорғады. Осы жеңістің арқасында Гүлбану Шығыс Азиядағы қайырымдылық жобаларына қатысуға мүмкіндік алады, сондай-ақ ол әр түрлі мемлекеттерде өткен халықаралық байқаулардың марапаттау рәсіміне қатысады. Бас жүлдеден бөлек, қазақстандық қыз Miss Face of Ambassador Heritage 2019 атағын иеленді. Жарыстың бірінші күні алматылық колледждің студенті Miss Ethnic Heritage 2019 атағына лайықты болды. 

Гүлбану Мадиярова Алматыдағы "Қайнар" колледжінде экономист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сұлулық байқауларында ол 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол Моңғолияда өткен Face of Beauty International 2016 байқауында Қазақстан атынан шықты. 

Финалда үздіктер қатарында тағы бір қазақстандық қыз болды - 18 жастағы Балнұр Әлімқалиева. Байқауда ол Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Қыз бала Miss Personality Heritage International 2019 номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ол байқау барысында Best Body номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 

Қыз бала Алматыдағы Чайковский атындағы колледжде үшінші курста оқиды. Актерлік шеберлік, ән салу, фортепианода және гитарада ойнайды. 

Екінші орында Филиппин өкілі, ал үшінші орынды Кения сұлуы жеңіп алды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай