бойынша жаңалық Австрия

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Орталық Еуропа
Астанасы: Вена қаласы
Ірі қалалары: Вена, Грац, Линц, Зальцбург, Инсбрук
Жер көлемі: 83 871 шаршы шақырым
Телефон коды: +43
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -5 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+1
Виза: шенген
Тілі: неміс, тұрғындардың басым бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді
Валютасы: еуро
Халқы: 2018 жылға 8,822 миллион, оның ішінде неміс тілді австриялықтар - 89 пайыз
Діни сенімдері: 68,5 пайызы - католиктер, 4,7 пайызы - протестанттар, 6,5 пайызы - басқа дінді ұстанушылар.
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: F (Қазақстандыкімен бірдей) 50 Гц.

© pixabay.com

Австрияның географиясы мен климаты

Австрияның көп бөлігі, яғни оның 70 пайызы таулы аймақты алып жатыр. Негізінен, бұл Шығыс Альпі таулары, оның ең биік жері Гросглоккнер тауы (3997 метр), басты көрнекті жері Еуропадағы ең үлкен мұздықтардың бірі Пастерце болып табылады.

Австрия солтүстігінде Германиямен және Чехиямен, шығысында - Венгрия және Словакиямен, батысында - Лихтенштейн княздігімен шектеседі. Австрия федеративті ел және Вена астаналық округтерінен (астананың атымен бірдей) және сегіз жерден тұрады: Жоғарғы Австрия (астанасы Линц), Зальцбург (Зальцбург), Каринтия (Клагенфурт), Штирия (Граи), Форарльберг (Брегенц), Бургенланд (Айзенштадт), Тироль (Инсбрук), Төменгі Австрия (Сент-Пельтен).

Австрияның барлық жерінде климат бірқалыпты, континентальды, өтпелі, ауа райы елдің әр түрлі аймақтарында топографияға байланысты. Жазда жылы және құрғақ, орташа температура + 20ºС, күрт өзгермейді, ең ыстық айлары - шілде және тамыз. Тауларға көтерілсеңіз, термометрдің көрсеткіштері минусқа жақын болады, бірақ жазда бұл басқа альпілік елдерге қарағанда төмен болады. Австрияның қысы жұмсақ: жазықтағы температура -2 градустан төмендемейді, таулы аймақтарда -14 градусқа дейін төмендейді, ең суық айы - қаңтар. Батыста ылғалды ауа райы, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыста континенталды климат байқалады. Сондықтан күн сәулесін сүйетіндер Австрияға мамыр немесе маусымда барған дұрыс.

Австрияның экономикасы

Австрия - Еуропадағы және әлемдегі постиндустриалды дамыған елдердің бірі. Мұнда экономиканың барлық салалары дамыған: туризм (жыл сайын елге 15 миллионға жуық турист келеді), машина жасау (көлік және ауылшаруашылығы) басқа салаларға арналған станоктар мен жабдықтар, сондай-ақ аэроғарыштық технологиялар, химия, тамақ және целлюлоза салалары. Елдің негізгі экономикалық орталықтары - Вена, Грац, Линц және Штайр. Австрия әлемнің 150 елімен экономикалық байланыста.


© pixabay.com

Австрия тарихы

Елдің атауы ежелгі немістің Ostarrichi сөзінен шыққан - "шығыстық ел" деген мағына береді, ал Австрия деген атауы алғаш рет 996 жылы жылнамаларда жазылған.

Ежелде Австрия жерлері, қатал жағдайларға қарамастан, кельт тайпалары мекендеген. Бұл жерлердің өркениетті тарихы біздің заманға сай 15 ғасырда римдіктермен қазіргі Австрия территориясын жаулап алудан басталады. Римдіктер Австрия үшін көп нәрсе жасады: мысалы, олар мұнда сауда пункттері мен әскери елді мекендер салды, содан олар кейін қалаларға айналды.

1273 жылы Австрия ақыры Еуропа сахнасына шығады, оған Еуропаның жетекші әулеттерінің бірі Габсбургтар көмектесті. Дәл осы жылы Рудольф І Габсбург Германияның патшасы болды. Ақыр соңында Австрия Қасиетті Рим империясының астанасы және барлық неміс жерлерінің орталығы болады. 1806 жылы Франц II өзін Австрияның императоры деп жариялады. 1914 жылы Босниядағы Сараево қаласында сербиялық студент Данило Принцип австриялық тақтың мұрагері Франц Фердинандты тапаншамен атып өлтіреді, оның салдарынан Бірінші дүниежүзілік соғыс басталады. Нәтижесінде Австро-Венгрия империясы өмір сүруді тоқтатады.

Екінші дүниежүзілік соғыс ел үшін 1945 жылы сәуірде Венаны Кеңес әскерлері басып алған кезде аяқталды. 1955 жылы 15 мамырда Венада жеңіске жеткен төрт елдің және Австрияның өкілдері Тәуелсіз және Демократиялық Австрияны қалпына келтіру туралы мемлекеттік шартқа қол қойды.

Қырғи-қабақ соғыс соғыс жылдары, Вена, дәстүр бойынша, Батыс пен Шығыстың ынтымақтастығын арттыруға және орнатуға арналған дипломатиялық күштердің біріне айналды. 1995 жылы 1 қаңтарында Австрия Еуропалық Одаққа мүше болды.

© pixabay.com

Австриядағы туризм

Қазақстандықтар үшін Австрия ең алдымен танымал тау шаңғысы курорты, сонымен бірге жоғары мәдениетімен және бай мәдени дәстүрімен тартымды. Австрияда барлығы өте қымбат. Егер сіз Венада ас үйі бар пәтерді AirBnb жүйесінде күніне 50 евроға таба алсаңыз, онда қонақүйлер 3-4 есе қымбатқа түседі. Венадағы түскі ас бір адамға шамамен 40 евро тұрады, экскурсиялар, сондай-ақ мұражайларға және басқа туристік орындарға билеттерді орташа есеппен 10 еуроға сатып алуға болады (мысалы, Вена хайуанаттар бағы - 20 евро, Prater ойын-сауық паркі - 7 евро, Венадағы Моцарт үйі - 10 евро).

Қалай жетуге болады?

Алматыдан Венаға Мәскеу арқылы ұшу ең тиімдісі, ұшу уақыты шамамен 9 сағат. Бұл қалалар арасындағы қашықтық 4616 шақырым, ал автомобильмен саяхаттау шамамен 70 сағатты алады (егер сіз әрдайым рульде болам десеңіз). Сонымен қатар, тікелей пойыздар Мәскеуден Польша мен Чехия арқылы 33 сағатта барады.

© pixabay.com

Австриядағы көлік қозғалысы

Австрияда барлық негізгі көлік түрлері жақсы дамыған: әуе, теміржол, автомобиль және су. Австрияның ұлттық теміржол компаниясы Österreichische Bundesbahnen немесе ÖBB болса, метро U-Bahn деп аталады.

Венада қалалық теміржол, кең трамвай желісі және қалалық автобус желілері бар. Вена метросын қоспағанда, қоғамдық көліктер таңғы 5-тен түн ортасына дейін жұмыс істейді, бұл жұмадан сенбіге және сенбіден жексенбіге қараған түні де қолжетімді.

Грац, Инсбрук және Зальцбург қалаларында (S-Bahn) қалалық теміржол бар.

Билеттердің құны қашықтыққа, классқа, адамдардың санына және билеттің бір бағытта немесе екі жағына да сатып алынғанына байланысты болады. Аймақтық және жүрдек пойыздарда билеттің бағасы бірдей. EuroCity типіндегі пойыздарда билеттердің бағасы ең жоғары, ол басқа санаттағы пойыздарға қарағанда айтарлықтай жоғары болып келеді.

Австрияда жалпы ұзындығы 200 мың шақырым болатын көптеген автожолдар бар, олардың 2000 шақырымынан астамы экспресс-маршруттар.

Әуе тасымалына қатысты мәселе жоқ, Австрияда 55 әуежай және тікұшақтарға арналған екі гелипорт бар, ең ірі әуежайлары - Вене, Линце, Зальцбурге, Инсбурге, Клагенфурте, Грац және Альтенрайне қалаларында.

© pixabay.com

Австрияда қайда баруға болады?

Австрияға белсенді, мәдени және "жасыл", яғни экологиялық демалыс үшін барады. Австриялық шаңғы спорты, жаяу туризм, көптеген музейлер мен театрлар - мұнда баратын жер шын мәнінде өте көп. Елдің басты мақтаныштарының бірі - тарихи және мәдени құндылықтар. Бірінші кезекте бұл Шенбрунн және Хофбург - барокко стиліндегі кереметтей сарай ансамблдері, ортағасырлық Әулие Стефан Соборы - Вена символы, Бельведер - музейі бар XVIII ғасырдағы сарай кешені, тау шыңында орналасқан Хоэнзальцбург бекінісі және тағы басқаралары. 

Бірінші кезекте баратын орын - ол, сөзсіз, Вена, Австрия астанасы және елдегі тоғыз федералдық жерлердің бірі. Ол елдің шығыс бөлігінде орналасқан және барлық жағынан Төменгі Австрия аумағымен қоршалған. Вена - бұл вальс, өнер, галерея, музей және тамаша саябақ ансамбльдері, Моцарт, Штраус, штрудель, шницель және кофе қаласы. 

Эцталь алқабы - Италиямен шекарадағы Тироль жерлерінің оңтүстігіндегі Шығыс Альпы ауданы. Мұнда австриялық тау шаңғысы туризмінің негізгі пунктері орналасқан - Зельден және Хохзельден курорттары. Негізгі трассалар Реттенбах, Тифенбах және Гайс-лахголь мұздығына апарады. Мұнда Еропадағы ең биік "панорамалық" жол бар, ал алқаптың түбінде ең биік Обергургль тау шаңғысы альпілік шипажай бар. 

Тироль - Австрия батысындағы федералдық жер, оның астанасы - Инсбрук қаласы, қысқы спорт түрлерінің еуропалық астанасы. Мұнда 1964 және 1967 жылдары Қысқы Олимпиада ойындары өтті. Инсбркта көптеген көрнекі орындар бар, олардың арасында сарайішілік Ховкирхе (XVI ғасыр) шіркеуі, "Алтын шатыр", Қалалық мұнара және басқалары. 

Форарльберг Австрияның батысында орналасқан, оның астанасы Брегенц қаласы және ірі Дорнбирн қаласы бар. Брегенцтің көрнекті орындары қатарында қалалық ратуша, Санкт-Мартинстурм мұнарасы (XVII ғасыр) және Форарльбергер-Ландсмузеум мұражайы бар.

Ең танымал шипажайлар арасынан таңдау жасау кезінде, міндетті түрде мыналарға барыңыз: 1600 метр биіктікте Силвретта шыңдарының арасында орналасқан Галтюр, отбасылық демалысты жақсы көретіндер үшін арналған кішкентай Тирольдағы Гоинг ауылы, зайырлы өмір және клубтық сауық-сайран құруды ұнататындар үшін Зельден шипажайы. Кереметтей Инсбрук-Иглс, Майерхофен, Санкт-Антон және Штубайтал шаңғы трассалары әуесқойлар мен кәсіпқойлар күтеді.

© pixabay.com

Белсенді демалуды қалайтын туристер үшін Австрия көптеген мүмкіндіктерді ұсынады: өзен бойында велосипед тебу, үлкен көлдердегі желкенді спорт, таулы өзендерде қызықты рафтинг және суы қатқан көлдердегі мұз айдынында сырғанау.

Сонымен қатар, Австрия - ұлттық саябақтар елі. Мұнда олардың саны өте көп. Онда ландшафтың ғажайып сұлулығын табуға, сирек кездесетін жануарлар мен бірегей өсімдіктердің жергілікті түрін көруге, жаяу жорықтарды жасауға, трекинг және альпинизммен айналысуға болады.

Әрине, спорттық емес демалыстарды жақсы көретіндер үшін де Австрияда уақытты қызықты етіп өткізуге арналған орындар бар. Мысалы, 1920 жылдан бастап Зальцбургте бүкіл Еуропадан музыка әуесқойларын жинайтын атақты музыкалық фестивальдер өткізіледі: Моцарт аптасы, Пасха фестивалі, Зальцбургтегі Мәдениет күндері, Рождествоға дейінгі концерттер және т.б.

Австрия асханасы

Австриялық тағамдар сиыр және доңыз етінен түрлі көкөністермен жақсы үйлестірілген тағамдарымен танымал. Сондай-ақ, Дәстүрлі тағам ретінде өрік мармеладымен немесе креммен толтырылған пончиктер, алма штруделі, Захер тәтті наны және экзотикалық Линц торты жүреді. Бүкіл әлемге танымал "веналық кофе" - Мокко сұрыпы кофесін пайдалану арқылы десерттің арнайы түрі.

© pixabay.com

Mozartkugel кәмпиттері - Зальцбургтегі Fuerst кондитерлік ең дәмді өнертабыстарының бірі. Шынайы "Mozartkugel" тек күміс-көк қаптамада сатылады және онда марципан мен какао мөлшері көп. Оның алтын-қызыл қаптамадағы қолдан жасалған түрлері бар. 

Сонымен қатар, Австрияда сыра қайнатуды сүйеді және біледі - оның мұнда сұрыптары өте көп, әсіресе туристерге бидай сұрыпынан жасалғандары ұнайды. 

Австриядағы қауіпсіздік

Австрия - әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі, бірақ Вена орталығында тұрып ірі көлемдегі соманы жұрт көзінен тасада ұстаған дұрыс, вокзалдарда, Әулие Стефан соборының маңындағы алаңда, собор маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған аймақта, сондай-ақ қоғамдық көлікте - мұнда қала ұрылары жүреді. 

Қаладағы жолдарда жағдай бірқалыпты, ал автобанға шыққанда сақ болған дұрыс, себебі мұнда жүріс жылдамдығы өте жоғары. 

Қар көшкіні мен тасқұлама - Австриядағы туристік өмірдің қауіпті тұсы. Жедел әрекет ету қызметтері әдетте лезде бұл аймақтарды жабады, бірақ туристер әрдайым ыңғайсыз жағдайларға тап болып жатады. Әсіресе, қар көшкіні тасжолдардан және ауылдардан алыс аймақтарда байқалады. 

Австриялық визаны алатын кезде медициналық сақтандыруды алу міндеттеледі, сол себепті алғашқы көмек көрсету кезде ақы төлеу мәселесі туындамайды. 

Фото: twitter.com/EURO2020
EURO-2020: Ресей турнирмен қоштасты, Украинаның әлі мүмкіндігі бар

Футболдан Еуропа чемпионатының В және С топтарынан плэй-офф кезеңіне шыққан командалар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

EURO-2020: Ресей турнирмен қоштасты, Украинаның әлі мүмкіндігі бар
Фото: twitter.com/EURO2020
EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты

Бельгия мен Нидерланды құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты
© Reuters
EURO-2020: Австрия Солтүстік Македонияға үш гол соқты

13 маусымда Австрия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Солтүстік Македонияны жеңді. С тобының матчі Бухаресттегі "Националь"

EURO-2020: Австрия Солтүстік Македонияға үш гол соқты
© pixabay.com
Туристер Австрияның тау шаңғысы курорттарына ағылып жатыр

Куәгерлер жаңажылдық мерекелер басталғалы бері және қаңтардың бастапқы онкүндігінде Австрия курорттарында аншлаг болып жатқанын айтады. 

Туристер Австрияның тау шаңғысы курорттарына ағылып жатыр
Ангела Меркель Еуропадағы тау шаңғы курорттарын жабуға шақырды

Германия Еуроодақ елдерінен коронавирус таралуын қысқарту үшін қаңтардың басына дейін тау шаңғы курорттарын жабуды талап етті. Бұл туралы федералды

Ангела Меркель Еуропадағы тау шаңғы курорттарын жабуға шақырды
© Reuters
Венадағы теракт: полиция ұсталғандар ішінде Ресей азаматтары да барын айтты

Венаның полиция басшысы Герхард Пюрстл қаладағы теракт ісіне байланысты бірнеше елдің азаматы ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Газета.ru.

Венадағы теракт: полиция ұсталғандар ішінде Ресей азаматтары да барын айтты
Фото Тұрар Қазанғапов
Тоқаев Австрия президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террорлық актіге байланысты Австрия президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады,

Тоқаев Австрия президентіне көңіл айтты
REUTERS©
Тоқаев Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Венадағы атысқа қатысты пікір білдірді
REUTERS©
Венадағы теракт: қаза тапқандар саны артып жатыр

Австрия астанасы Венадағы бірқатар шабуылдан қаза тапқандар саны төртке жетті. Бұл туралы Kurier басылымы Михаэль Людвиг қаласының бургомастеріне

Венадағы теракт: қаза тапқандар саны артып жатыр
REUTERS©
Венадағы атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Венадағы атыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты, -

Венадағы атыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
Венада қантөгіс: Терроршылар Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасады

Венаның алты бөлігінде қаруланған бірнеше адам оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Венада қантөгіс: Терроршылар Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасады
© pixabay.com
Австрия

Қысқаша мәлімет

Австрия
© ausopen.com
Australian Open жарысын жеңген Новак Джокович жаңа рекорд орнатты

Сербиялық теннисші Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының (Australian Open) финалында австриялық Доминик Тимді жеңді, - деп хабарлайды

Australian Open жарысын жеңген Новак Джокович жаңа рекорд орнатты
©REUTERS
Гитлердің Австриядағы үйі полиция бөлімшесіне айналады

Австрия билігі 1889 жылы Браунау-на-Инн қаласында өмірге келген болашақ нацистік диктатор Адольф Гитлердің үйін полиция

Гитлердің Австриядағы үйі полиция бөлімшесіне айналады
Австрияның Линц қаласында жарылыс болды

Австрияның Линц қаласында әуежайға жақын маңда жарылыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Австрияның Линц қаласында жарылыс болды
© ad.nl
"Жас әлем аруы - 2017" байқауының жеңімпазы 19 жасында қайтыс болды

"Жас әлем аруы - 2017" жеңімпазы, голландиялық модель қыз Лотте ван дер Зее 19 жасында туған күніне бір күн қалғанда жүрек талмасынан қайтыс

"Жас әлем аруы - 2017" байқауының жеңімпазы 19 жасында қайтыс болды
Алексей Полторанин. © olympic.kz
Полторанин байланысқа шықпай жатыр - СІМ

Қазақстанның Австриядағы консулы шаңғышы Алексей Полторанинмен кездеспеген, себебі спортшы байланысқа шығудан бас тартып отырған көрінеді. Бұл

Полторанин байланысқа шықпай жатыр - СІМ
© olympic.kz
Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы Полтораниннің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде ұсталған отандық шаңғышы Алексей

Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы Полтораниннің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында. © Reuters
Полтораниннің тұтқындалуы: "Ол өз бөлмесінде шай ішіп отырған, VADA полициясы кіріп келді"

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің бапкері Vksport.kz басылымына берген сұхбатында Австриядағы әлем чемпионатында болған оқиға туралы

Полтораниннің тұтқындалуы: "Ол өз бөлмесінде шай ішіп отырған, VADA полициясы кіріп келді"
© olympic.kz
Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды - БАҚ

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға

Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды - БАҚ

Firebase Cloud Messaging