06 желтоқсан 2021 08:37

Австрияда шаңғышылар қар көшкінінің астында қалып қойды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Flickr / Damien Roué Фото: © Flickr / Damien Roué

Австрияда тау баурайына көтерілген сегіз адам 200 метрлік қар қабатының астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Австрияда тау баурайына көтерілген сегіз адам 200 метрлік қар қабатының астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Үш шаңғышы қаза болды, үшеуі жарақат алған, қалғаны шығып үлгерген. Қайтыс болғандар - Австрияның 19-24 жас аралығындағы азаматтары.

Мәліметтерге сәйкес, олардың бәрі сенбіде Зальцбург федерал аймағына шаңғы тебуге барған 11 адамнан тұратын шаңғышылар тобына кірген.

Қыс мезгілінде қар көшкіні адам өміріне қауіп төндіреді. 2021 жылдың ақпанында көшкін Алматы облысында "Газелді" басып қалды. Алайда ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы оқиғадан кейін, екі күн өткен соң ШҚО-да қар көшкіні бір туристің өмірін қиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети