Реклама
Реклама

Бельгия бойынша жаңалық

Қазақстандық 27 жыл бойы Бельгияда жасырынып келген: видео
Қазақстандық 27 жыл бойы Бельгияда жасырынып келген: видео
ӘЧ: Франция - Марокко ойынынан кейін бүкіл Еуропада тәртіпсіздіктер басталды
ӘЧ: Франция - Марокко ойынынан кейін бүкіл Еуропада тәртіпсіздіктер басталды
Бельгияда маймыл шешегіне байланысты карантин жарияланды
Бельгияда маймыл шешегіне байланысты карантин жарияланды
Бельгия мен Люксембургте Наурыз мерекесі тойланды
Бельгия мен Люксембургте Наурыз мерекесі тойланды
Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барады
Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барады
Германияда су тасқынынан 130-дан аса адам мерт болды
Германияда су тасқынынан 130-дан аса адам мерт болды
EURO-2020: жартылай финалға шыққан екі құрама белгілі болды
EURO-2020: жартылай финалға шыққан екі құрама белгілі болды
EURO-2020: Португалия мен Нидерланды турнирмен қоштасты
EURO-2020: Португалия мен Нидерланды турнирмен қоштасты
EURO-2020: Ресей турнирмен қоштасты, Украинаның әлі мүмкіндігі бар
EURO-2020: Ресей турнирмен қоштасты, Украинаның әлі мүмкіндігі бар
EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты
EURO-2020: тағы екі құрама плэй-офф кезеңіне шықты
Брюссельде вакцинацияға байланысты мыңға жуық адам наразылыққа шықты
Брюссельде вакцинацияға байланысты мыңға жуық адам наразылыққа шықты
Тоқаев Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісін қызметінен босатты
Тоқаев Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісін қызметінен босатты
Бельгиялықтар қаланың ауасын тазартудың жолын тапты
Бельгиялықтар қаланың ауасын тазартудың жолын тапты
Бельгияда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр
Бельгияда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр
Бельгия
Бельгия
Қазақстан құрамасының футболшысы Бельгияның бірінші лигасында топ жарды
Қазақстан құрамасының футболшысы Бельгияның бірінші лигасында топ жарды
Бельгия соты Александр Винокуровты ақтау үкімін шығарды
Бельгия соты Александр Винокуровты ақтау үкімін шығарды
Бота Жәрдемәлінің үйінде тінту жүргізілді - БАҚ
Бота Жәрдемәлінің үйінде тінту жүргізілді - БАҚ
"Астана" ФК құны 1,8 миллион еуроға бағаланатын футболшыға ұсыныс жасады
"Астана" ФК құны 1,8 миллион еуроға бағаланатын футболшыға ұсыныс жасады
"Бельгия-2019 турына" "Астана" велокомандасынан кімдер қатысады?
"Бельгия-2019 турына" "Астана" велокомандасынан кімдер қатысады?

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Батыс Еуропада орналасқан мемлекет
Астанасы: Брюссель
Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж
Жер көлемі: 30,5 шаршы шақырым
Телефон коды: +32
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: Шенген
Тілі: нидерланд, француз, неміс
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 11,46 миллион адам
Діни сенімдері: католик - 70 пайыз
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: Е. 220 В, 50 Гц

© pixabay.com

Бельгия географиясы мен климаты

Белгия Солтүстік теңізі жағалауына орналасқан. Теңізден соққан дымқыл жел қыста суықты, жазда ыстықты басып, жұмсартып тұрады. Өзендері қатпайды. Қыста күн көбінесе бұлыңғыр, тұманды, жазда қоныр салқын болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жиі жауады.

Теңіз жағалауынан елдің түкпіріне қарай кең жазық созылып жатыр. Оны өзендер мен каналдар жарып өтеді. Олардың өн бойына қаз-қатар терек егілген.

Климаты жыл бойы ылғалды және қоңыржай болып табылады. Ең жоғары орташа температура шілде айында, қаңтар айында ең төменгі температураны көрсетеді. Жазғы орташа температура Арденн жылы, 18-19 градус, шілде айында салыстырмалы салқын болып табылады, шамамен 14 градус. Жылына жауын-шашын 700-900 мм-ден 1250 миллиметрге дейін жауады.

© pixabay.com

Бельгия экономикасы

Бельгия - әлемде индустриясы жоғары дамыған елдердің бірі. Қара металлургия - Бельгия өнеркәсібінің ежелгі салаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жинау, құрылыс материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиһаз, қағаз), т.б. дамыған. Орта және ұсақ фермерлі шаруашылықтар негізінен мал шаруашылық өнімдерін береді. Ал астық пен жеміс-жидектер шеттен әкелінеді. Экспортқа автомобиль керек-жарақтарын, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан минералдар, металл бұйымдары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер және АҚШ.

© pixabay.com

Бельгия тарихы

Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген. Біздің заманымыздан бұрынғы 57 жылы Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде Бельгика провинциясын құрды, ал III-IV ғасырларда бұл жерге герман тайпалары - франктер, ішінара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады.

Бельгия жері V-IX ғасырларда Франк мемлекетінің құрамына кірді де, кейіннен бірнеше графтықтардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан XII-XIII ғасырларда Еуропаның "шеберханасына" және халықаралық сауданың маңызды торабына айналды.

XVI ғасырда қазіргі Бельгия, Нидерланд, Люксембург жері және Солтүстік Францияның бір бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 жылы Испанияға қосылды. Испан тағына мұрагерлік үшін болған соғыстың (17011714) нәтижесінде Нидерланд Испаниядан австриялық Габсбургтер әулетіне өтті. 1794 жылы Бельгия Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814-15 жылы) шешімі бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерландия корольдығына бірікті.

Осы кездерде Бельгияда өнеркәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банктер көптеп ашылды. 1830 жылы жиырма бесінші тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, қарашаның оны күні ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады.

1831 жылы бірінші қаңтарда Бельгияның мәңгі-бақи бейтараптылығы айқындалды. Сол жылы Ұлттық конгресс қабылдаған конституция елде конституциялық монархия орнатты.

XIX ғасырдың 2-жартысында Бельгия өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-18) кезінде Германия Бельгияға басып кірген соң (1914 жылы 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты.

1940 жылы оныншы мамырда неміс-фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 жылы қыркүйекке дейін билік жүргізді. Бельгия БҰҰ-на, Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропалық қауымдастыққа, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 жылы орнатты.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Бельгия қаншалықты тартымды?

Бельгия туристер арасында аса танымал емес. Себебі, бұл елде жыл бойы жаңбыр жауатындығына байланысты болуы әбден мүмкін.
 
Осыған қарамастан, Еуропа мемлекеті тарихи және архитектуралық көрнекті жерлерге өте бай және табиғи ландшафттары сізді бір көргеннен ғашық етері сөзсіз.

Бельгиядағы отельдер ұқыпты, жайлы, Нидерланды және Люксембургпен бірлесіп қабылданған Benelux Hotel Classification арнайы жүйесі бойынша "жұлдыздар" санаты бар. Қалаларда әлемге әйгілі желілердің сәнді қонақ үйлері де, жеке шағын қонақүйлер де бар, онда сіз жақсы демалып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті тағамнан дәм тата аласыз.

Ең арзан бағаны хостелдер ұсынады: Брюссельде - 15 еуродан, Антверпенде - хостел бөлмесі 18 еуродан басталады. Астанасында "бөлме және таңғы ас" қызметімен қонақүйде тұру 50 еуро, Брюггеде - 65 еуро тұрады. Брюссельдегі "бес жұлдызды" екі адамға арналған нөмірлер - 115 еуродан, Гентте - 100 еуродан, Льежде - күніне 210 еуродан басталады.

© pixabay.com

Бельгияға қалай жетуге болады?

Бельгияға билеттің құны жыл мезгіліне, ұшатын қалаға, авиакомпанияға және сатылымға байланысты. Алматы - Брюссель, Нұр-Сұлтан - Брюссель бағыттары арқылы ұша аласыз.

Бельгиядағы көлік қозғалысы

Бельгия қалаларында автобустар мен трамвайлар жүреді, сонымен қатар Брюссель мен Антверпенде метро бар. Қоғамдық көліктер 6:00-0:00 аралығында жұмыс істейді, ал ірі қалаларда түнгі маршруттар жүреді. Брюссельде бір жол жүру құны 2,10 еуро, Антверпенде - 3 еуро тұрады, жиі қатынайтын болсаңыз, толық бір күндік жол жүру билетін алғаныңыз тиімді (1 күнге 5 еуро).

Қоғамдық көліктен басқа такси де бар: автотұрақ барлық жерде орналасқан, сіз көлікке телефон арқылы қоңырау шала аласыз. Жету құны - 2-2,50 еуро, әр шақырым - 1,15 еуродан тұрады.

Велосипедпен жүру ыңғайлы емес: тарихи орталықтардағы жолдарда жиі тас төселген. Егер қатты қаласаңыз, жалға алу құны 2 сағатқа 3 еуро тұрады.

© pixabay.com

Бельгияда қайда баруға болады?

Брюссель - сәулет туындылары шоғырланған керемет қала. Сіз монументалды Корольдік сарайға ақысыз кіре аласыз, кем дегенде бірнеше сағат бойы керемет безендірілген залдар мен бөлмелерді аралап, көруге болады. Гранд Плас Ратушасы - кеш готикалық стильдің көрнекті ғимараты, Ватерлоо маңы - Наполеон мен Веллингтон арасындағы әйгілі шайқастың куәсі. Атомиум монументі мен әйгілі Баланың ескерткішін де тамашалай аласыз.

Ортағасырлық Брюгге қаласы бір мұражай іспетті: тарихи алаңдар, сарайлар мен шіркеулер ғасырлар бойы мызғымас қалпын сақтаған. Қаланың негізгі тарихи жерлері - қашап салынған Belfort мұнарасы, Микеланджелоның мүсіні бар Құдай ананың Шіркеуі, Еуропадағы ең көне Әулие Иоанн ауруханасы және Грютхюзе әсем сарайы т.б.

Брюггенің көптеген экспозициялары бүкіл Бельгиядағыдай гауһар тастармен, шоколадпен, шілтермен және кароп фриімен байланысты.

Гентте ежелгі Вриждагмаркт алаңын, Ван Ойдонк сарайларын, Джералд Ібілісті және Фландрия графтығын көре аласыз. Антверпеннің ең қызықты жерлері - жалаулармен безендірілген қала залы, Стеннің тас қамалы, эклектикалық теміржол вокзалы және көркем өнердің корольдік мұражайы.

© pixabay.com

Бельгия асханасы

Бельгияның асханасында француз және неміс асханасының іздері байқалады. Негізгі тағамдар - ет, теңіз өнімдері, көкөністер мен ірімшіктер, оларды көптеген дәмдеуіштер мен тұздықтар қосып дайындалйды. Дастарханның патшайымы - картоптан жасалған фри: әлемдік фастфудтың басты қазынасын бельгиялықтар ойлап тапты, олар оны мақтан тұтады, өздері көп мөлшерде пайдаланады десе болады.

Бельгияда жүздеген кондитерлік дүкендер ашылған: шоколад, пралине және вафли диета ұстаушыларға тіпті мүмкіндік бермейді. Айтпақшы, вафлидің екі түрі бар: қант текшелері бар дөңгелек Льеж және крем мен жемісі бар тікбұрышты Брюссель вафлилері. Тайланд, вьетнам және қытай мәзірлері бар азиялық мекемелер өте жиі кездеседі.

Елде 10-нан астам мишлен мейрамханалары бар, олар асханалық керемет дәмділермен (әр тағам үшін 50 еуро) гурмандарды қуантады. Сыраны барлық уақытта ескі сыра қайнату зауыттарында дәмін татып көруге болады. Кафеде бір кесек торты бар кофеге 7-10 еуро, түскі ас - бір адамға 15-20 еуро, мейрамханадағы түскі ас - екі адамға 60-70 еуро тұрады.

© pixabay.com

Бельгиядағы қауіпсіздік

Бельгия - өте қауіпсіз ел болып саналады. Туристік аудандарда сіз түнде де алаңсыз жүре аласыз, бірақ Африка мен Таяу Шығыстан келген эмигранттар тұратын этникалық аудандарда жүрмегеніңіз жөн. Қалта ұрылары негізінен, балалар мен жасөспірімдер, олар қоғамдық көліктерде және теміржол вокзалдарында жүреді, Брюссельдің орталығында ерекше сақ болғаныңыз жөн. Льеж, Остенд, Брюгге және Шарлеройда астанамен салыстырғанда әлдеқайда тыныш, бірақ үлкен көлемде ақша, құжаттар мен құнды заттарды қонақүй сейфтеріне тапсырған дұрыс.

© pixabay.com

Бельгиядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Бельгияның ең танымал сувенирлері - шоколад, вафли және сыра. Тәтті құмарларға таңдау көп: сіз 3 еуроға керемет шоколад плиткасын, 8 еуроға әртүрлі көңілді шоколад фигурасын немесе 25 еуроға бір килограмм дәмді трюфель сатып ала аласыз. Ең қымбат кондитерлік өнімдер - Бельгия тәжінің ресми жеткізушісі Mary Chokolatier фабрикасының өнімдері.

Бельгия сонымен қатар дизайнерлік киімдерімен танымал, жергілікті дизайнерлердің ең жақсы бутиктері Антверпенде шоғырланған. Мұнда сонымен қатар, Еуропадағы жоғары сапалы гауһар тастар мен олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сататын ең үлкен зергерлік шеберхана орналасқан. Брюггеде сіз қолдан жасалған талғампаз шілтерлерге, Гентте - үй сыралары мен жас дизайнерлердің туындыларына назар аударуыңыз керек. Брюссельде сіз осының бәрін бірге сатып ала аласыз, бірақ әлдеқайда қымбат түседі. Брюссельдің негізгі сауда орындары - Рю Нев, Луиз даңғылы және Ватерлоо бульвары.

Бельгия дүкендері 10:00-ден 18:00-ге дейін (жексенбі - демалыс), ірі сауда орталықтары - апта бойы 20:00-21:00 дейін жұмыс істейді. Жеңілдіктер - қаңтар мен шілде айларында 60-70 пайыз дейін болады.

© pixabay.com