03 шілде 2021 09:16

EURO-2020: жартылай финалға шыққан екі құрама белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/EURO2020 Фото: twitter.com/EURO2020

Испания мен Италия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Испания мен Италия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ширек финалда Санкт-Петербургте Испания Швейцарияны пенальти сериясында жеңді. Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 8-минутында швейцариялық Денис Закария допты өз қақпасына соғып алды. 

Ал 68-минутта Джердан Шакири таразы басын теңестірді. Бірнеше минуттан соң Ремо Фройлер қызыл қағаз алып, Швейцария құрамасы он ойыншымен қалған. 

Матчтің 90 минуты мен екі экстра-таймда да гол соғылмады. Ал пенальти сериясында Испания ойыншылары жеңіске жетті. 


Фото: twitter.com/EURO2020

Ал ширек финалдың екінші матчінде Италия Бельгияны қапы қалдырды. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. 

Ойынның 31-минутында италиялық Николо Барелла есеп ашты. Ал 44-минутта Лоренцо Инсинье әдемі гол соғып, Италия құрамасы есепті ұлғайтты. 

Бірінші таймның соңында Ромелу Лукаку пенальтиден гол салып, есеп айырмашылығын қысқартқан. Бірақ екінші таймда бельгиялықтар таразы басын теңестіре алмады. 

Енді жартылай финалда Италия мен Испания кездеседі. Бұл матч 6 шілдеде "Уэмбли" стадионында өтеді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети