30 мамыр 2021 14:24

Брюссельде вакцинацияға байланысты мыңға жуық адам наразылыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©"Хабар 24" Фото: ©"Хабар 24"

Брюссельдегі саябақтардың бірінде мыңға жуық адам наразылық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Брюссельдегі саябақтардың бірінде мыңға жуық адам наразылық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Шараға тек Бельгия халқы емес, сондай-ақ Нидерланд және Германиядан келген азаматтар да қатысқан. Олар коронавирусқа қарсы шектеу шаралары мен вакциналау науқанына қарсылық білдіріп жатыр.

Телеарна мәліметі бойынша, адамдар шарға әдейі маска тақпай келіп, Брюссельдің еуропалық ауданына дейін жүріп өткен. Бірақ полицейлер оларды Еуропарламент алдындағы алаңға өткізбеген. Құқықтарын қорғауға келген ел тәртіп сақшыларына тас лақтырды, ал полиция ереуілге шыққандарға көз жасаурататын газ қолданған.

"Шектеу шаралары адам құқықтарын бұзады. Сондықтан Еуропаның 160 мың тұрғыны петицияға қол қойды. Біз енді тиісті құжатты Еуропарламентке жібереміз", "Мен Еуропарламенттің вакциналау төлқұжатын жасап шығару идеясын құптамаймын. Сондықтан наразылығымды білдіру үшін осында келіп отырмын", - дейді тұрғындар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети