бойынша жаңалық Грекия

Көрнекі сурет: pixabay.com Төмен ұшқан ұшақ жағажайда туристерді шошытты. Видео Грекияда Wizz Air компаниясының ұшағы қону кезінде демалушылардың басынан бірнеше метр биіктікте ұшып өтті. GreatFlyer YouTube арнасы экстремалды
12 тамыз 2022
Өрт қонақүйге жақындады: танымал курортта туристер эвакуацияланды Танымал Закинтос аралындағы грек қонақүйлеріне жақын орналасқан орман өрттерінің салдарынан төтенше жағдайлар қызметі жүздеген демалушыны эвакуациялады,
12 тамыз 2022
Лесбос, Грекия. Көрнекі сурет: pixabay.com Атақты аралдан туристерді шұғыл эвакуациялай бастады Жүздеген турист пен жергілікті тұрғындар атақты грек аралы - Лесбос курортынан эвакуациялауға мәжбүр болды. Грекияны басып озған "жылу толқыны"
25 шілде 2022
© pixabay Еуропада қайтыс болған турист бірнеше сағат бойы жағжайда демалушылармен бірге жатқан Грекияда ұлыбританиялық туристің денесі бірнеше сағат бойы жағжайда демалушылармен бірге жатқан, - деп хабарлайды LBC.
20 шілде 2022
Санторини, Грекия, фото ©Pixabay Грекияда коронавирус жұқтырған туристерге карантин тоқтатылды Грекияда демалыста коронавирус жұқтырған шетелдік азаматтар үшін оқшаулау туралы талап жойылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі
13 шілде 2022
Санторини, Грекия, фото ©Pixabay Грекияда туристер көп келеді деп күтілуде Грекияда туризмнен түсетін табыс артады деп күтілуде, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Hindustantimes.com сайтына сілтеме жасап.
12 шілде 2022
Фото: pixabay.com Демалыс үшін ең қымбат Жерорта теңізі елі аталды Грекия Жерорта теңізіндегі жазғы демалыс үшін ең қымбат бағыт деп аталды. Бұл АТОР испаниялық Marian Technologies компаниясының зерттеуіне сілтеме
08 шілде 2022
Фото Еуропалық комиссияның ресми сайтынан алынды Финляндия Еуропадағы ең қуатты суперкомпьютерді іске қосады Еуропадағы ең қуатты, әлемдегі ең қуатты үшінші суперкомпьютер Финляндияда іске қосылуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссияның сайтында
14 маусым 2022
Фото ©REUTERS Ердоған грек шенеуніктерін сынға алды Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Грекия шенеуніктерін сынға алды, - деп хабарлайды Daily Sabah басылымы.
14 маусым 2022
©REUTERS Батысқа сенуге болмайды - Ердоған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Батыс елдерінің саясатына сенуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды TRT Haber арнасы.
13 маусым 2022
© pixabay Грекияның ең жақсы жағажайлары жайлы не білесіз? Грекия қазақстандықтар үшін тікелей рейстері бар жаңа бағыт болып табылады. Ежелгі тарихы мен ескерткіштерінен басқа, бұл ел тамаша демалыс
11 маусым 2022
Крит аралы, Грекия. Фото pixabay.com Қазақстаннан Грекияға аптасына 6 рейс орындалады 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Грекияның Ираклионына Қазақстанның екі қаласынан рейстер орындауды бастауды жоспарлап
24 мамыр 2022
видеодан үзінді Жолаушылар Крит аралына қонған ұшақ пилотын ұрып-соқты Wizz Air әуекомпаниясының жолаушылар грекиялық Крит аралына қонған ұшақтың ұшқышын жабылып ұрған. Осы сәт видеоға түсірілген, - деп хабарлайды
14 мамыр 2022
©REUTERS Грекия Еуроодақ санкциялары аясында ресейлік танкерді тәркіледі Грекия Еуроодақ санкциясы аясында Эвбея аралындағы ресейлік мұнай танкерін тәркіледі, - деп хабарлайды Reuters.
20 сәуір 2022
Грекия туристер үшін ковид шектеулерін жеңілдетті Грекия билігі жазғы маусымның басталуына дейін туристер үшін антиковид шараларды жеңілдетуге шешім шығарды. Бұл туралы Грекияның денсаулық сақтау
15 сәуір 2022
Санторини, Грекия ©Pixabay 2022 жылы туристер арасында ең танымал 10 ел аталды 2022 жылы туристерді қызықтыратын елдердің рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelDailyNews сайтына сілтеме
14 сәуір 2022
Греция. Фото @Shutterstock Грекия Ираклионына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан рейс ашылады 1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ираклионға тікелей рейстер ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 
06 сәуір 2022
@Shutterstock Қазақстаннан Грекияға әуе рейстері ашылады Қазақстаннан Грекияның Салоники қаласына әуе рейстері ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
28 наурыз 2022
Фото : Avvisatore Marittimo del Porto di Brindisi Грекияда жолаушылар паромы өртенді: 300-ге жуық адам эвакуацияланды Корфу аралына жақын жердегі Ион теңізінде Euroferry Olympia паромы өртенді. Оның бортында 239 жолаушы және 51 экипаж мүшесі болды, - деп хабарлайды
18 ақпан 2022
@Shutterstock Грекия консулдығы қазақстандықтарға виза бере бастады Грекияның Қазақстандағы консулдығы туристер үшін виза рәсімдеуге (Шенген) құжат қабылдауды бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
10 ақпан 2022

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Оңтүстік-шығыс Еуропада орналасқан мемлекет
Астанасы: Афины
Ірі қалалары: Салоники, Патры, Ираклион, Лариса
Жер көлемі: 132,0 мың шаршы шақырым
Телефон коды: +30
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -3 сағат
Сағаттық белдеуі: EET (UTC+2, жазда UTC+3)
Виза: Шенген
Тілі: грек
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 10,72 миллион адам
Діни сенімдері: православ - 98 пайыз
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: C, F. 230 В, 50 Гц

© pixabay.com

Греция географиясы мен климаты

Греция Еуропаның оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Солтүстік Македониямен және Болгариямен, солтүстік-шығысында Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын - Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.

Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты - жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4-11 градус, ал жаз айларында 24-28 градус. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15 пайызын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350-1500 мм аралығында жауады.

© pixabay.com

Греция экономикасы

Грекия - орташа дамыған индустриалды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері - 7100 доллар. Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді.

Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия - сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 миллионнан аса туристер келіп, қазынаға 4 миллиард доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 

© pixabay.com

Греция тарихы

Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. XV ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821-29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828-29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 жылы тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды.

1941 жылы елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946-49). Ол аяқталған соң, 1952 жылы Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 жылы үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 жылы болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды.

1992 жылы қарашада Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды. Греция - Батыс өркениеті бесігі болып танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Греция қаншалықты тартымды?

Грецияға билет алардан бұрын тұратын жеріңізді анықтап алыңыз. Грецияда тұруды кез-келген талғамға сәйкес табуға болады: жеке пәтерлерден және аралдардағы шағын үйлерден бастап, әртүрлі деңгейдегі қонақүйлерге дейін және палаткалармен кемпингтерге дейін қарауға болады. Әдетте, жоғары маусымда бағалар 1,5-2 есе жоғары болады. Мысалы, үш жұлдызды қонақүй жазда 60-тан 85 еуроға дейін, қалған бөлігі 40-тан 60 еуроға дейін болады.

Греция қонақүйлері "жұлдыздарға" емес, санаттарға бөлінеді: люкс (5 жұлдызды), A (4 жұлдызды), B (3 жұлдызды) және C (2 жұлдызды). "Экскурсия туры" аясында әдетте В және С санатындағы мекемелер ұсынылады, олар қарапайым, бірақ таза және бөлмелерде қажеттінің бәрі бар қызмет көрсету жағынан еш кем емес: мұнда сәнді "бес" және орташа "төрттік" те қонақүйлер бар. Балалары бар отбасыларға арналғанн қонақүйлер де жоқ емес.

© pixabay.com

Грецияға қалай жетуге болады?

Грецияға билеттің құны жыл мезгіліне, ұшатын қалаға, авиакомпанияға және сатылымға байланысты. Алматыдан Грецияға демалысқа бару үшін тур сатып алуыңыз керек. Тур бағасына: әуе билеті, қонақүйде тұру, сақтандыру және трансфер кіреді. Грецияға бару үшін Қазақстан азаматтарына Шенген визасын қажет етеді. Алматыдан Грецияға (Македония-Салоники әуежайы) ұшу уақыты - шамамен 5 сағат.

© pixabay.com

Грециядағы көлік қозғалысы

Грецияда автобуспен саяхаттау ыңғайлы, оған қоса сапар арзанға түседі. Алайда, орыс тілін айтпағанда, ағылшын тілін білетін жүргізушілер өте аз. Қалалық қоғамдық көліктер таңертең 5:30-дан түн ортасына дейін жүреді, ал түнде арнайы рейстер бар. Көлік саласында неғұрлым дамыған қала, әрине, астанасы деуге болады. Ондағы көлік, басқа қалалардағыдай ретсіз, көлік тұрағын табуда қиындық туындауы мүмкін. Қалаларда жылдамдық шегі сағатына 50 шақырым.

© pixabay.com

Грецияда қайда баруға болады?

Тарихи, мәдени және сәулеттік мұралары мол Афинаға барғанда, алдымен, шіркеуі жартылай қалпына келтірілген әйгілі Акропольға бару керек. Саяхатшыларды Эгей теңізінде орналасқан үш олимпиялық құдайлардың бірінің – Посейдон ғибадатханасы, көне Плака алаңы, Аттика Геродотының тас театры Одеон және көптеген Афины мұражайлары қызықтырмай қоймайды.

Панатинаикос стадионы да ерекше. Ол ежелгі антиканың бөліктерінен жасалған, құрылыста тек ақ мәрмәр қолданылған. Афиныда ежелгі Грецияның аңыздарына айналған Зевс, Агора және Гефесттің ежелгі ғибадатханаларын өз көзіңізбен көре аласыз.

Көптеген ежелгі артефактілер Критте шоғырланған, бұл елдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Мұнда сіз Миной дәуірінің археологиялық орындарын, Ретимнодағы венециялық стильдегі қамалды, сәнді Кносс сарайын көре аласыз, құрлықтағы ең үлкен табиғи пальма орманы Ваи жағалауында орналасқан.

Ең әйгілі грек аралдарына Родос кіреді, ол үлкен мәдени орталықтың даңқы мен керемет ерекшелікке ие. Онда XIV ғасырда салынған және өткен ғасырдың бірінші жартысында қалпына келтірілген рыцарьлар сарайы бар. Бұл жерде антикалық заттардың үлкен қоры сақталған.

© pixabay.com

Ежелгі Грецияның аңызға айналған ең көрікті жерлерінің бірі - Олимп тауы. Мифтерге сүйенсек, Зевс теңіздердің құдайы Посейдон және өлілер патшалығының билеушісі Аид мифтерге сәйкес осында өмір сүрген. Енді бұл "құдайлар үйі" өсімдіктер мен жануарлардың әр түріне бай, қоршаған ортаның таңғажайып көріністері ашылатын ерекше биосфералық жерге айналды.

Грециядағы тағы бір әйгілі тау - ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Афон тауы. Барлық православие дінінің өкілдері құрмет тұтатын бұл ерекше орынды тек ер адамдар ғана кіріп көре алады. Бұл жер дұға жасау, медитация және рухани әлеммен байланысқа арналған.

© pixabay.com

Греция асханасы

Грецияның ұлттық тағамдарында Балқан, Апеннин, Франция және тіпті Таяу Шығыс халықтарының аспаздық дәстүрлері тамаша үйлеседі. Гректер үшін, мысалы, жапондар сияқты, тамақтану сәтіне өте үлкен көңіл бөледі. Дастарқан басында олар жай тамақ ішіп қана қоймайды, шүйіркелесіп әңгімелеседі, демалады. Жалпы, тамақтану - бейтаныс адамдар арасындағы достықты және тіпті іскерлік қарым-қатынасты орнатудың тамаша тәсілі.

Грек тағамдары - бұл көкөністер мен жасылдың көптігі, сүт өнімдері (әсіресе жұмсақ ірімшіктер), зәйтүн және зәйтүн майы, нан мен шарап. Қой мен құс етінен, сиыр мен шошқа етінен де тағамдар дайындалады. Нағыз грек салатын, қақталған осьминог етін, "муссака" - баклажан, тартылған ет және қызанақ кәдісі, "пастицио" - лазаньяның бір түрі, "спифадо" - шарап-даршын тартылған пияз қосылған ет салымының дәмін татып көре аласыз.

© pixabay.com

Грециядағы қауіпсіздік

Грецияны қауіпсіз елдер қатарына жатқызуға келмейді. Өкінішке орай, бұл жерде ұрлық, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде: қонақ үйлерде, әуежайларда, вокзалдарда, аттракциондардың жанында жиі кездеседі. Қалта ұрылары қоғамдық көліктерде көп жүреді. Афиныда, кез келген ірі қалада сияқты, қауіпті аймақтар бар: Колокотрони мен Вати алаңдары және Омония алаңының маңындағы қызыл жарық ауданы т.б.

© pixabay.com

Грециядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Егер сізде Грецияға көктемде немесе жазда баруға мүмкіндігіңіз болса, өзіңізді бақытты санаңыз. Сіз керемет тонды өте қолайлы бағамен сатып ала аласыз. Қыста аң терісінің құны айтарлықтай артады. Елдің басты тондар жасап шығаратын қаласы – Кастория.

Греция - зәйтүн майының Отаны. Сондықтан мұнда зәйтүннен өте дәмді және қоректік май жасайтындығы таңқаларлық емес. Сіз зәйтүн майының арзан бағада әрі сапалысын сатып ала аласыз. Сонымен қатар, зәйтүн майынан жасалған сабынды алсаңыз, таптырмайтын кәдесый болары анық.

Дүкендер 9:00-ден 15:00-ге дейін (жазда - 8:30 дейін) және 17:30-дан 20:30-ға дейін (жазда - 21:00 дейін) жұмыс істейді. Туристік орталықтарда сауда нүктелері кешке дейін және демалыссыз жұмыс істейді. Жеңілдіктер - қаңтар мен шілде айларында 60-70 пайызға дейін болады.

© pixabay.com

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети