14 маусым 2022 08:23

Финляндия Еуропадағы ең қуатты суперкомпьютерді іске қосады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Еуропалық комиссияның ресми сайтынан алынды Фото Еуропалық комиссияның ресми сайтынан алынды

Еуропадағы ең қуатты, әлемдегі ең қуатты үшінші суперкомпьютер Финляндияда іске қосылуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссияның сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еуропадағы ең қуатты, әлемдегі ең қуатты үшінші суперкомпьютер Финляндияда іске қосылуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссияның сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

LUMI электронды компьютерін он елдің ғалымдары жасаған: Бельгия, Дания, Исландия, Норвегия, Польша, Финляндия, Швейцария, Швеция, Эстония және Чехия. Жоба 144,5 миллион еуроға бағаланып отыр.

Әзірлеушілер LUMI секундына 375 петафлоптан аса немесе 375 миллионнан аса есептеулерді орындауға қабілетті екенін айтады. Ол ғылымда, мысалы, медициналық және климаттық зерттеулерде, сондай-ақ, онкологиялық ауруларды диагностикалау саласында жаңалықтар жасау үшін қолданылады.

Каяани қаласында суперкомпьютер жұмыс істейді. Әзірлеушілердің айтуынша, компьютер тек жаңартылатын энергия көздерімен қоректенеді, Табиғи салқындату жүйелерін пайдаланады, ал алынған жылудың бір бөлігін машина орнатылған бөлмелерді жылытуға жұмсайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети