Алматыда екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан әйел адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының
Алматыда "Mart" ойын-сауық орталығының жанында жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының
Бейсенбіде кешкі уақытта Алматыдағы Достық даңғылында "Жалын" мейрамханасына қарама-қарсы жерде бірнеше көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ
16 маусымда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қоғамды дүрліктірген жантүршігерлік жол апаты болды. Екі қыз Honda CRV көлігімен батыс бағытта жүріп келе жатқанда дөңгелектері люкке түсіп кетіп, жарылған. Олар жолдың сол жақ жолағына тоқтап, апат белгісін қосып, көліктен шыққан. Осы қатармен жүріп келе жатқан Toyota Camry ортаңғы жолаққа өтпек болады, бірақ, осы кезде көлікті артында келе жатқан автобус соғады. Соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы жағы Honda көлігіне соғылады. Бір қыз көліктердің ортасында қалып қояды, ал екіншісі ұшып кеткен. Олар бірден ауруханаға жеткізілді. Операция кезінде Екатерина Парафиеваның екі аяғын кесіп алып тастауға тура келді, ал екінші қыз Найля Қажыбаева миы зақымдалып, өзге де жарақаттар алған. Осыдан кейін Желі қолданушылары дөңгелек жарылғаннан кейін қыздарға жолдан шығып кету керек еді деген пікір қалдырған.
Tengrinews.kz тілшісі заңгер Джохар Өтебековтен ЖКО кезінде не істеу керектігі жайында сұрады.