Тараптар мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйін, өнеркәсіптік әріптестікті, көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты талқылайтын болады.
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының болашақ спикерлеріне медициналық сақтандыруды енгізудің негізгі қағидаларын түсіндірді.
"Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланған 2017 жыл тек туризмде ғана емес, сондай-ақ, индустрия, инновация және инвестициялар салаларында да белсенді ынтымақтастықтың орнауына ықпал етуге тиіс", - деді мәслихат хатшысы.
Отырыс барысында елордада жарияланған террористік қауіптің біркелкі (сары) деңгейі аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі мәселелер мен террористік тұрғыдан осал объектілерде өткізілген жедел тәжірибелердің нәтижелері қаралды.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен украиналық реактлорларға арнап ядролық отын өндіру мәселелерін талқылады.
Жалпы, 2017 жылға қарай 4500-ден аса еріктілерді тарту жоспарланған. 18 толған, алайда 80-нен аспаған кез-келген адам қосыла алады. Талаптардың тағы бірі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу.