Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қалалық қызметтердің игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау және құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті.
Дін істері комитеті отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дін тәрізді өткір салада туындап отыратын мәселелер туралы екіұдай ақпарат беруге жол бермеуге шақырды.
Осыған дейін тағы бір қазақстандық спорты Жұлдыз Әшімова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта қытайлық Сунь Янаннан жеңіліп қалған болатын.
Көлеңкелі есепшілікпен айналысқан әйелге 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы мен бухгалтерлік қызметімен айналысу құқығынан 2 жылға айыру жазасы кесілді.