28 қазан 2020 09:54

Маман бір тәуліктен кейін WhatsApp-тағы хабарламаны қалай өшіруге болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде хабарламаны жібергеннен кейін оны бір тәуліктен соң қалай өшіруге болатыны айтылды. Бұл туралы ресейлік "Интеллектуальный резерв" компаниясының директоры Павел Мясоедов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


WhatsApp мессенджерінде хабарламаны жібергеннен кейін оны бір тәуліктен соң қалай өшіруге болатыны айтылды. Бұл туралы ресейлік "Интеллектуальный резерв" компаниясының директоры Павел Мясоедов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, WhatsApp-та жіберілген хабарламаны тек 68 минутта өшіруге болады. Алайда маман хабарламаны өшірудің басқа әдісі бар екенін айтады. Ол үшін телефондағы күн мен уақытты өзгерту керек.

"Алдымен сіз жаңа хабарламаларды қабылдай алмайтындай етіп смартфонға әуережимін орнатуыңыз керек. Кейін хабарлама жіберілген уақытқа жақын күн мен уақытты белгілеу керек. Айырмашылық белгіленген 68 минуттан аспауы шарт. Осыдан соң сіз мессенджердегі хабарламаны өшіре аласыз", - дейді Павел Мясоедов "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

Маман мессенджерден өшірілген хабарламаны екі әдіспен оқуға болатынын айтты. Біріншісі, басқа қосымшаны пайдалану. Алайда мұнда сіздің барлық хабарлаңыз қолжетімді болу қаупі бар. Екіншісі, синхрондау мүмкіндігін пайдалану. Бірақ оны тек Android жүйесінде ғана пайдалануға болады.

"Егер сіз телефоныңызда резервті көшірме жасасаңыз, алайда жаңа хабарларды сақтауға уақыт болмаса, оны өшірілген хабарлама арқылы көруге болады. Ол үшін сіз мұқият әрекет етуіңіз керек. Өйткені құрылғыда өзіңіз өшірген мәтіндер пайда болады", - дейді маман.

Бірақ егер сіз қателесіп, хабарламаны тек құрылғыңыздан өшірсеңіз, оны ешкім өшіре алмайды. Маман мұндай жағдайда хабарламаларды бақылау мүмкіндігі жойылатынын, оны тек арнайы бағдарлама арқылы өшіруге болатынын жеткізді. Оларды телефонға бөлек орнату керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети