Павлодарда қайтыс болғандарды “емдеп“, ерлерді гинекологқа жіберген: ӘМСҚ тексерісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медицина Фото:depositphotos.com

Павлодар прокуратурасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын тексеру барысында жалған медициналық қызметтерді анықтады. Құзырлы орган ақпаратынша, дәрігерлер қайтыс болған пациенттерді қабылдаған, ал гинекологтар ер адамдарға "қызмет көрсеткен", деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Не болды?

Жалған қызмет көрсету фактілері прокуратураның Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халыққа медициналық көмек көрсетуге жұмсаған шығындарын тексеруі кезінде белгілі болды.

"Мәселен, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да бейінді мамандар қайтыс болған адамдарды "қабылдаған". Акушер-гинекологтың кеңестері ер адамдарға "берілген". Емдеу қызметтерінің қайталануы үшін екі есе ақы төлеу жағдайлары тіркелген", - делінген Павлодар облысы прокуратурасының хабарламасында.

Сондай-ақ тиісті маман сертификаттары мен рұқсат құжаттары жоқ тұлғалардың халыққа медициналық көмек көрсеткені анықталған.

Қадағалау органы араласқаннан кейін заңбұзушылықтардың бір бөлігі жойылғае, ал кінәлілер жауапкершілікке тартылған. Мемлекетке қазірдің өзінде 100 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.

Прокуратура ақпаратынша, қазіргі уақытта сотта екі қылмыстық іс қаралып жатыр: оның бірі 62 миллион теңгені жымқыру, екіншісі тағы 41 миллион теңге шығын келтірген медицина саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты.

TengriEdu