Француз автомобиль бренді, дизайны мен технологияларындағы инновациялық тәсілдерімен танымал. 1919 жылы Парижде Андре Ситроен негізін қалаған. Citroеn 1976 жылдан бастап PSA Peugeot Citroеn құрамына кірді, бас кеңсесі Париждегі Fructidor көшесінде орналасқан. Бұл бренд қозғалтқыш күші алдыңғы дөңгелектерге берілетін автомобильдерді жаппай өндіріске алғаш енгізген компаниялардың бірі болды.