Аты аңызға айналған Италияның автомобиль бренді – спорттық көліктер әлеміндегі сән-салтанат пен қуаттың символы. 1939 жылы Энцо Феррари негізін қалаған. Бастапқыда тек жарыс автомобильдерін шығарумен айналысқан. Ferrari маркасындағы алғашқы сериялық автомобиль 1947 жылы көпшілікке ұсынылды. Брендтің фирмалық түсі – қызыл. Ол оның қатал, құштар және талғампаз екендігін байқатады. Ferrari бүгінде инженерлік шеберлік пен көркем дизайнды ұштастыратын автомобильдер шығаруды жалғастырып келеді.