1917 жылы құрылған жапон автомобиль бренді. Бас кеңсесі Токиода орналасқан. Mitsubishi брендінің ерекшелігі – өзгерістерге бейімділігі. Соғыс кезінде жойғыш ұшақтар жасаудан бастап, кейін танымал жеңіл автомобильдер өндіруге дейін дамыды. Атауы жапон тіліндегі mitsu – "үш" және hishi – "алмас" сөздерінен шыққан, яғни "үш алмас" деген мағынаны білдіреді.