бойынша жаңалық Volvo

1927 жылы құрылған швед автомобиль бренді. Коммерциялық және жүк көліктерін, сондай-ақ автобустар, қозғалтқыштар және түрлі жабдықтарды өндіреді. Volvo бұрын жеңіл автомобильдер де шығарған, бірақ 1999 жылы бұл бөлімді Ford компаниясына сатты. Ал Ford оны 2010 жылы Geely-ге сатты. Volvo алғашқылардың бірі болып қауіпсіздік белдігін ұсынған компания ретінде танымал. Атауы латын тіліндегі "мен айналамын" деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан.