19 қазан 2018 21:02

Қазақстан теннисшілері француздық беделді жарысқа жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисшілер Сандуғаш Кенжебаева мен Ерасыл Ерділдә келесі жылы Францияның Тарбе қаласында өтетін Les Petits As (14 жасқа дейінгі бейресми әлем біріншілігі) жарысына жолдама алды. Онда олар Азияның намысын қорғайтын болады. 

Индонезияның Бали аралында өткен Asia play-offs Lacoste ТОР5 турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық теннисшілер үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық қыз жарыстың финалына жетіп, шешуші кездесуде қытайлық Тайбэй елінен келген Лин Ли-Хсинге 3:6, 2:6 есебімен есе жіберіп алды. Ал бүгін Ерділдә үшінші орын үшін таласта үндістандық Нитиса Латхуды 4:6, 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Айта кетейік, біздің теннисші қыз Сандуғаш Кенжебаева жарыс ұйымдастырушыларынан Патри Муратоглудың теннис академиясына жолдама алды. 

Les Petits As - жасөспірімдер туринирі (14 жасқа дейінгі) 1983 жылдан бері Тарбе қаласында жабық корттарда өткізіліп келеді. Les Petits As жеңмпаздары арасында Хуан-Карлос Ферреро және Рафаэль Надаль сынды ракеткалар бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети