Сурет: instagram.com/zarinadiyas
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтегі ITF турнирінің финалына шықты. Жүлде қоры - 25 мың доллар, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтегі ITF турнирінің финалына шықты. Жүлде қоры - 25 мың доллар, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жартылай финалда ол америкалық теннисші Сачия Викеримен кездесіп, оны екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, 26 жастағы Дияс әлемнің 77-ракеткасы, ал 24 жастағы Викери WTA рейтингінде 157-орынға ие.
Зарина Диастің ақтық сындағы қарсыласы турнирдің бірінші ракеткасы қытайлық Чжу Линь (әлемнің 72-ракеткасы) мен француз спортшысы Хармони Тан (251-ші) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.