26 қазан 2020 18:09

Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында аштық жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмазбек Атамбаев. Фото REUTERS/Fabrizio Bensch Алмазбек Атамбаев. Фото REUTERS/Fabrizio Bensch

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына ауыстырылды, - деп хабарлайды 24.kg.


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына ауыстырылды, - деп хабарлайды 24.kg.

Адвокат Замир Жоошевтің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы бұрын өлім жазасына кесілген сотталушылар жатқан жертөлеге орналастырылған.

"Бұл камераға бүгін ғана жылу қосылды. Бөлмеде кәріз жүйесі жұмыс істемейді, есіктер үнемі ашық. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады", - деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол Қырғызстан ҰҚК тергеу изоляторында болған. 6 қазанға қараған түні болған тәртіпсіздіктер кезінде ол босатылған. 9 қазанда Атамбаев Ала-Тоо алаңындағы митингіге қатысып, келесі күні тағы да ұсталған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети