25 ақпан 2014 14:18

Гонконг соты Әблязовқа қатысты активтерді тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский Мұхтар Әблязов. ©Ярослав Радловский

Гонконг соты қашқын олигарх - БТА банктің бұрынғы басшысына қатысы болуы ықтимал активтер қозғалысын тоқтататын үкім шығарды деп хабарлайды The South China Morning Post. Сот Мұхтар Әблязовтың құпия меншігі деп болжанатын Kazoil-Astana Group гонконгтық компания акциялары мен активтерін тоқтату туралы БТА банктің талап-арызын қанағаттандырды. Аталған басылым мәліметі бойынша, 2008 жылы Kazoil Гуанси өңірінің Бэйхай қаласындағы теңіз порты мен мұнайхимия зауыты жобаларына қатысты Қытай компанияларымен құқықтық дауға іліккен. Сондай-ақ компанияға БТА банктен 16 миллион долларға қарыз ақша берілген деп хабарланады. Сонымен қатар Гонконг соты Maxray Logistics гонконгтық компаниясының да акциялары мен активтерін де тоқтатты. Корпоративтік құжаттарға сәйкес, оның қожайыны Гонконг резиденті Доминик Лау Так-мин (Dominic Lau Tak-ming) болып табылады. Қалай дегенмен де Гонконг жоғары соты Кевин Зервос (Kevin Zervos) "сот қос компанияның Мұхтар Аблязовқа қатыстылығын немесе соның ықпалында екендігін білдіретін негізді дәйек бар деп санайды" деді. Сондай-ақ сот бұл фирмаларды мұраға алушыларды тағайындайтындығын да айтқан. Еске сала кетелік, Қазақстанда Мұхтар Әблязовқа БТА банктен 6 миллиард доллардың ұрлануына және тағы басқа қаржылық алаяқтыққа қатысы бар деп айып тағылған. 2013 жылдың 31 шілдесінде ол Францияда қолға түскен. Банкирді Франциядан үш мемлекет сұраған - Қазақстан, Ресей және Украина. 2014 жылдың ақпанында француз соты Ресейдің Әблязовты экстрадициялау жөніндегі талап-өтінішін қанағаттандырған. Мұхтар Әблязов атымен байланысты даулы істің маңайындағы мән-жайлармен мына арадан таныса аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети