Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанда тағы бір қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанда тағы бір қызметінен кетті Фото:gov.kg

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев тағы бір қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.


Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев тағы бір қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Қамшыбек Тәшиев екі жылдан аса уақыт бойы Қырғыз футбол одағының президенті қызметін атқарып келген. 15 сәуірде өткен одақ конгресінде ол атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

"Футболға сәттілік тілеймін. Қырғызстандағы футбол - бұл бизнес ретінде қарауға болатын сала емес. Мен өз миссиямды орындадым. Сіздердің алдарыңызда төраға ретінде соңғы рет сөйлеп тұрмын деп ойлаймын. Енді бұл жерге футболды шын сүйетін адам келуі керек", - деді ол.

Мән-жай

10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты.

Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы іріткіге жол бермеу". Бұл оқиға Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш жасалған тұста болды. Жапаровтың баспасөз хатшысының айтуынша, Тәшиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға қоңырау шалып, оларды "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастауға" үгіттеген.

Ташиевтің отставкасынан кейін күштік блок қайта құрылымдалды: оның орынбасарлары қызметінен айырылды, Шекара қызметі МҰҚК құрылымынан шығарылды, сондай-ақ тікелей президентке бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер