Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстан мен Беларусь ЕАЭО туралы шартты бір мезгілде ратификациялауы мүмкін

06 Қазан 2014, 17:51
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты бір мезгілде ратификациялау мүмкіндіктерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь президентінің сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары телефон арқылы әңгімелескен кезінде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету және Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесі мен мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізудің дайындығы мәселелерін талқылады. 

Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі қалыптастыру мен дамыту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Тараптар ЕАЭО туралы шартты бір мезгілде ратификациялау тақырыбын қозғады.

Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Еске сала кетейік, ЕАЭО туралы шартты Қазақстан Парламенті 9 қазанда қарайды. Ресей бұл құжатты ратификациялады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай