27 ақпан 2014 | 12:26

Қазақстандықтар қырғыз елінен әскери формалар әкеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аrms-expo.ru ©Аrms-expo.ru

Қырғызстанда әскери формалар жаппай сатылып жатыр, бұл туралы 24.kg құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін Бішкек пен Жалал-Абад базарларында адамдар тобының әскери формаларды көтеріп сатып алып жатқаны туралы нақтыланбаған ақпарат тараған еді. Әлеуметтік желілерде пайда болған мәліметтерге қарағанда, әскери киім-кешекті радикал секталарға мүше адамдар сатып алып жатыр. Олардың әрқайсысы бірден 30 комплектіге дейін сатып алған. Құқық қорғау органдары әскери формаларды жаппай сатып алушылардың барын растады. Бірақ олардың радикал топтарға қатысы барын жоққа шығарды. "Біздің дерегімізше, камуфляжді көрші Қазақстанның аңшылары сатып алып жатыр. Олар, негізінен, америкалық формаларды алады. Контингенттің ел аумағынан шығарылуына байланысты "Манас" базасының әскери қызметшілері өздерінің формаларын базар саудагерлеріне сатып жатыр", - дейді құқық қорғау органының өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети