23 ақпан 2014 12:05

Киевтегі қақтығыстар: қаза тапқандар 82 адамға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киев көшелерінде орын алған қақтығыстар кезінде қаза тапқандар саны 82 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости Украинаның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство таратқан мәліметте, ақпанның 22-і күні жергілікті уақытпен таңғы 06.00-ден 18.00-ге дейін 19 адам медициналық көмекке жүгінген болса, олардың 15-іне ем-дом жасалған. Киевтегі қақтығыстар кезінде барлығы 622 адам зардап шексе, олардың 405-іне емдеуге алынған. Бұған дейін Украинаның ІІМ-нің өкілдері Киевте орын алған қайғылы оқиғалар кезінде кемінде 80 адам қаза тапқанын айтса, ал денсаулық сақтау ведомствосы қаза болғандар саны 77 деп отыр. Киев көшелеріндегі толқулар ақпанның 18-інде Жоғарғы Рада отырысында оппозиция өкілдері 2004 жылы Конституцияны қолданысқа қайта енгізуді және сол заңда көрсетілгеніндей басқарудың парламенттік- президенттік үлгісіне көшіп талап еткеннен кейін басталған. Сол кезде ереуілге шыққандар Киев орталығындағы ғимараттарға баса-көктеп кіріп, милиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Ақпанның 22-і күні Жоғарғы Рада Виктор Януковичтің қызметінен кеткендігін, мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2014 жылы мамырдың 25-іне белгіленгендігін жариялаған-тұғын. Янукович болса, сол сәтте қызметтен кетпейтінін мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети