28 қаңтар 2014 16:42

Көшербаевты өзбектер "иеленіп" алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырымбек Көшербаев Фото Аnons.uz Қырымбек Көшербаев Фото Аnons.uz

Ұзақ жылдардан бері лауазымды қызметтерді атқарып келе жатқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың суреті Өзбекстандағы сайттардың бірінде әлдебір шенеуніктің фотосының орнына жарияланды. Өзбекстан президентінің экс-кеңесшісі Жәмшит Файзиевтің фотосының орнына жарияланған Қырымбек Елеуұлының суреті жарияланғаны бірер күн өткенімен әлі ауыстырылған жоқ, деп жазады Nur.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz. Өзбекстандық uzxalqharakati.com сайтына елдегі ішкі саяси қақтығыстар жайында жарияланған материалдың авторы суреттегі кісінің кім екенін білмейтін анық білмейтін болуы керек. Өйткені, өзбек басшының кеңесшісінің суретін қазақстандық шенеунікпен шатастыру өте дөреке қателік. Қ.Көшербаевті өзбек ағайындардың сырттай "иемденуі" бірінші рет емес. Тура бір жыл бұрын , www.anons.uz сайтында жарияланған хабарламада Қызылорда облысының әкімінің суреті Ж.Файзиевті алғаш рет алмастырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети