18 желтоқсан 2014 15:15

Қырғызстан астанасын су басып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kg.akipress.org сайтынан Фото kg.akipress.org сайтынан

Бішкекті Ала-Арша өзенінің суы басып жатыр, - деп хабарлайды "Интерфакс" Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бішкекті Ала-Арша өзенінің суы басып жатыр, - деп хабарлайды "Интерфакс" Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше кешке Бішкек арқылы ағып өтетін Ала-Арша өзені арнасынан асып, іргелес аумақты су басты", - делінген хабарламада. 

Мамандардың айтуынша, Малдыбаев пен Жаманбаев көшелерінің қиылысында 12 мың текше метр қабыршақ мұз жатыр. Сол аймақта орналасқан мектептердің бірін су басқан. Сонымен қатар Ленин ауданындағы көпірдің астына мұз кептеліп қалған.

"Апат салдарынан Октябрь ауданындағы "Совмин" ықшамауданында өзен үстімен өтетін кішірігім көпір құлап қалды. Кептелген мұзды тазалау үшін арнайы техникалар жұмылдырылды", - дейді мамандар.

Айта кетейік, мұздың еріп, өзеннің арнасынан асып кетуіне бастапқыда жауын жауып, кейін күннің күрт жылынуы себеп болған.

Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Семейде Ертіс өзені тасып, Восточный ауылындағы 30 үйдің ауласын су басып қалғаны хабарланған болатын. 50-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети