24 желтоқсан 2021 16:46

Қырғызстан азаматтары мен шекарашылары арандатуын жиілетті - Тәжікстан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

24.kg арнасының кадры 24.kg арнасының кадры

Тәжікстан ҰҚМК шекара әскерлері баспасөз орталығы кейінгі кезде шекарада Қырғызстанның арандатушылық әрекеттері жиілеп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Тәжікстан ҰҚМК шекара әскерлері баспасөз орталығы кейінгі кезде шекарада Қырғызстанның арандатушылық әрекеттері жиілеп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы қайта-қайта екі елдің жергілікті тұрғындары мен шекарашылары арасындағы қақтығыс аймағына айналды. Мұның себебі - мемлекеттер арасындағы шекара қалай өтетінін анықтауда қиындық тудыратын бөлінбеген учаскелер.

"Кейінгі уақытта шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне әсер ететін Қырғызстан азаматтары мен шекарашыларының арандатушылық әрекеттері жиілеп кетті", - делінген хабарламада.

22 желтоқсанда, шамамен сағат 13.50-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.50) Тәжікстанның шығысындағы Лахш ауданы Чашма елді мекенінде Қырғызстанның мемлекеттік номерлері бар Opel маркалы автокөлік ұсталды, ішінде төрт қарулы шекарашы болған.

"Шекараны заңсыз кесіп өту және Тәжікстан аумағына басып кіру туралы әңгіме барысында қырғыз шекарашылары бұл әрекетті басшыларының нұсқауы бойынша жүзеге асырғанын түсіндірді", - делінген тәжік шекарашыларының мәлімдемесінде. 

Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың талаптарын басшылыққа ала отырып, қырғыз шекарашылары өз аумағына қайтарылған.

Кейінірек елдің солтүстігінде, Соғды облысының Хистеварз елді мекені аймағында жанармай көлігінің мемлекеттік шекараны бұзғаны анықталған.

"Ол қырғыз азаматына тиесілі. Көлікті тоқтату үшін тәжік шекара бекеті аялдамаға белгі берді. Жүргізуші тәжік шекарашыларының талабына жауап бермей, көлік жылдамдығын арттырып, шекара жасағына кіруге тырысқан. Қабылданған шаралар нәтижесінде автокөлік тоқтатылды, жүргізуші зардап шеккен жоқ", - делінген құжатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети