13 наурыз 2022 09:50

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашыларына заң талаптарына сай келмейтін жағдайда атуға тыйым салынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Қырғыз Республикасының ІІМ © Фото: Қырғыз Республикасының ІІМ

Қырғызстан мен Тәжікстан делегацияларының келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің әскери қызметшілеріне екі тараптың заңнамалық акт талаптарында көзделген жағдайлардан тыс кезде қару қолдануға тыйым салынды. Бұл туралы МҰҚК Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар басқармасы өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.  


Қырғызстан мен Тәжікстан делегацияларының келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің әскери қызметшілеріне екі тараптың заңнамалық акт талаптарында көзделген жағдайлардан тыс кезде қару қолдануға тыйым салынды. Бұл туралы МҰҚК Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар басқармасы өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.  

Кездесу 12 наурызда "Гулистон-тасжол" бақылау-өткізу пунктінде өткен.

Тараптар шекара қауіпсіздігі бойынша түрлі мәселелерді қарағаны, бірлескен түрде күзетілетін шекара маңындағы оқиғалардың саны артқанына ерекше назар аударғаны айтылды. Екі мемлекет өкілдері шекараның келісілмеген учаскелеріне байланысты проблемаларды да атап өткен.

Кездесу қорытындысы бойынша мына келісімдерге қол жеткізілді:

  • екі елдің шекара маңында тосын оқиғаларға жол бермеуге бағытталған өзара іс-қимыл және күш-жігерді үйлестіру жөніндегі үкіметаралық келісімдер мен хаттамаларды орындау жөнінде мүлтіксіз шаралар қабылдау;
  • екі республиканың шекара өкілдері әскери қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шекарада оқыс оқиғалар туындаған кезде әскери қызметшілер арандатуға ермеуі керек екенін, шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне ықпал ететін адамдардың теріс пиғылдағы әрекеттерінің жолын кесуге міндетті екенін атап өтуі тиіс;
  • қақтығыстың алдын алу мақсатында тараптардың шекара қызметкерлері қалыптасқан жағдай туралы тұрақты түрде ақпарат алмасып отыруы тиіс;
  • екі елдің әскери қызметшілеріне екі тараптың заңнамалық акт талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады;
  • барлық әскери қызметші қырғыз-тәжік шекарасындағы тәртіп талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара ведомстволарының басшылары өзара іс-қимылды күшейтуге және тату көршілік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға уағдаласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети