Қырғызстанда жұмысы санкциялық тәуекелдермен байланысты компаниялардың қызметі тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда жұмысы санкциялық тәуекелдермен байланысты компаниялардың қызметі тоқтатылды Фото:depositphotos.com

Қырғызстанның Әділет министрлігі алғаш рет санкциялық тәуекелі жоғары операцияларға қатысы бар 50 заңды тұлғаның қызметін бір мезгілде тоқтату туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Economist.kg басылымына сілтеме жасап.


Қырғызстанның Әділет министрлігі алғаш рет санкциялық тәуекелі жоғары операцияларға қатысы бар 50 заңды тұлғаның қызметін бір мезгілде тоқтату туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Economist.kg басылымына сілтеме жасап.

Мұндай шара сыртқы экономикалық қызметтің жосықсыз қатысушыларын және Қырғызстан үшін санкциялық салдарға әкеп соғуы мүмкін операцияларды анықтау жөніндегі жаңа ведомствоаралық механизм аясында қабылданған.

Компаниялар тізімін Әділет министрлігіне Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар тапсырған. Олар санкциялық режим аясындағы шектеулерді айналып өтудің ықтимал фактілері туралы ақпаратты қарастырған.

Әділет министрлігі бұл шешім ұлттық экономиканы қорғауға және батыстық серіктестер тарапынан салынатын екінші деңгейлі санкциялар қаупін азайтуға бағытталғанын мәлімдеді. Жаңа тәртіп тиісті ұсыныс негізінде заңды тұлғалардың қызметін тоқтатудың жеңілдетілген механизмін қолдануға мүмкіндік береді.

Қырғызстанмен байланысты бірқатар құрылым батыс елдерінің шектеулеріне енгізілгеннен кейін санкциялық күн тәртібі Министрлер кабинеті үшін басты тақырыптардың біріне айналған. Бұған дейін Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакеті аясында энергетикаға, қаржыға нүктелі қысым көрсетіп, үшінші елдер арқылы санкцияларды айналып өтуге қарсы жаңа шараларды қолдана бастады. Олар Қырғызстанға қатысты алғаш рет қолданылып отыр.

ЕО Қырғызстанның екі банкін - "Керемет Банк" пен "Капитал Банкті" - санкциялық тізімге қосты. Бұл екі банк бұған дейін АҚШ пен Ұлыбританияның санкцияларына іліккен болатын, деп жазады хабарлайды KaktusMedia басылымы.

Сәуір айының соңында Қырғызстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Адылбек Қасымәлиев мемлекеттік органдарға экспорттық-импорттық операцияларға бақылауды күшейтуді, сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын арттыруды және қырғызстандық компанияларды санкциялық тізімдерден шығару шараларын әзірлеуді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер