Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Лукашенко Назарбаевпен және Путинмен әңгімені пысықтап алмақ

04 Мамыр 2014, 09:00
0
 ©РИА Новости
©РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко оның елі өзіне зиян келетін тең емес жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтінін айтты. Сенбі күні Борисовтегі СЗАО "Белджи" еңбек ұжымымен кездесу барысында, Лукашенко "егер Беларусь, Ресей және Қазақстан одақ құру туралы келіскен болса, енді оған ешқандай кедергі болуы мүмкін емес және барлық тарап тең жағдайда жұмыс істеуі тиіс" деп атап өтті", - деп хабарлайды Tengrinews.kz БЕЛТА ақпарат құралына сілтеме жасап.

Беларусь басшысы таяуда Минскіде өткен "үштіктің" кездесуі жайлы сөз етіп, "мен әріптестерім-президенттер алдына сауал қойдым" деп мәлімдеді.

"Соңғы күндері Минскіде біздің жеңіл автокөліктің болашағы туралы өте қатты тіпті қатаң әңгіме жүрді. Әрине, сіздердің жетістіктеріңіз біздің әріптестердің алаңдаушылығын туғызады. Сіздер жаңа кәсіпорында 10 пайыздық тиімділікке қол жеткіздіңіздер. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш бір пайыз ғана болған еді, яғни бір жылда он есеге көтерілді. Мұндай көрсеткішке жетуге Ресей автонарығында өндіріс қарқынының төмендеуі мүмкіндік берді. Алайда, Geely Ресей нарығында 50 пайыздық өсімге жетті. Әрине бұл ресейліктерді алаңдатпай қоймайды. Бәлкім, қытайлықтар Беларусь аумағында тұрып, Ресей автодромын тұншықтырып жатыр деп ойлайтын шығар", - деп мәлімдеді Лукашенко.

Беларусь басшысы Еуразиялық одақ құрылғанға дейін Ресей және Қазақстанмен барлық проблемалық мәселелерді шешіп алу керек екенін айтты. "Біз қазір келісім жүргізіп жатырмыз, әсіресе Ресеймен бұл сауалдарды пысықтап алуымыз керек", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай