Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Лукашенко: Украинаны сыбайлас жемқорлық күйретті

11 Наурыз 2014, 16:35
0
Александр Лукашенко. ©Марат Әбілов
Александр Лукашенко. ©Марат Әбілов
Беларусь Президенті Александр Лукашенко Украинадағы ішкі саяси дағдарыстың бір себебі елде сыбайлас жемқорлықтың кең құлаш жаюы деп есептейді, бұл туралы "Интерфакс-Батыс" хабарлайды.

"Украинада болған күйреуге экономиканың құлдырауы мен алапат жемқорлық негіз болды. Мемлекетті қиратқан екі себеп осы", - деп мәлімдеді Лукашенко бүгін Минскіде жоғары және орта арнаулы білім беру мекемелеріне жұмысқа қабылдауды жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес барысында.

"Экономика қандай болса да, біз не істесек те, егер елде сыбайлас жемқорлық болса, бұл тат бәрін жеп қояды", - дейді Беларусь басшысы. Ол Украинаның басына келген жағдайды қайталамау үшін белорусь елінде жемқорлыққа жол бермеу керектігін айтты.

"Сіздердің жоғары оқу орындарыңызда жемқорлықтың анықталуын Құдай басқа бермесін", - деді ол кеңеске қатысқан оқу орны басшылары мен білім министріне қарата. "Осы үстелдің басында отырғандардың ішінде тек нақұрыс қана Украинадағы оқиғалардан соң тиісті шараларды қолға алмайтын шығар", - деді Лукашенко.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай