01 желтоқсан 2014 13:30

Молдовада Кеден одағын жақтаушылар озып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото point.md сайтынан алынды Фото point.md сайтынан алынды

Молдовада өтіп жатқан Парламент сайлауында социалистер мен коммунистер көш бастап келеді, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Сайлауда Кеден одағына кіруді көздейтін социалистер мен коммунистер партиясы бірігіп, барша сайлаушылардың 40 пайыз дауысын жинаған. Ал евроинтеграцияны қолдайтындар ең аз дауыс жинаған.

Осыған байланысты алдағы күндері жаңа коалиция құру бойынша келіссөздер жүргізілмек. Ал жалпы алғанда Молдова парламентіне бес партияның өкілдері өтіп отыр. Оған социалистер мен коммунистерден бөлек, демократтар мен либералдар да парламент депутаттары атанатын болады. РИА Новости хабарлағанындай, сайлау учаскелерінде толтырылған протоколдардардың түпнұсқасы Молдова ОСК-на желтоқсанның бірі күні жеткіліп, дауыс берудің электронды нұсқасымен салыстырылмақ. Бүгін сондай-ақ, шетелдердегі сайлау учаскелерінде мәліметтер де жинастырылатын болады. 

Еске саламыз, Молдовадағы сайлау қарашаның 30-ы күні басталған болатын. Ондағы саяси күштер арасындағы негізгі тартыс қазіргі билік басында отырған проевропалық альянс, европалық ынтымақтастықты жақтайтын либералдар мен оппозициялық солшыл партиялар арасында өтті. Орталық сайлау комиссиясының сайлау алдындағы шешіміне сәйкес "Патрия" партиясы атынан сайлауға түскен кәсіпкер Ренато Усатый өтпей қалған болатын. Оған елдің ІІМ-нің партияға қатысты жіберілген материалдар себеп болған. Мәлім болғанындай сайлау алдында бұл партияға шетелдерден 500 мың доллар көлемінде қаржы аударылған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети