Одессада қайтыс болғандар саны 46-ға жетті

03 Мамыр 2014, 17:16
0

"Украина Бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Одессада федерализацияны жақтаушылар мен "Евромайдан" белсенділері және футбол фанаттары арасында болған қақтығыс салдарынан 46 адам көз жұмды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Кешегі қақтығыс салдарынан 46 адамның қайтыс болуына орай, қалалақ прокуратура басшысы қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты" деп хабарлайды Бас прокуратурадан. 40 адам Кәсіподақтар үйінде орын алған өрт салдарынан, ал 6 адам қақтығыс салдарынан қайтыс болған.

Естеріңізге салсақ, қақтығыс 2 мамыр күні Одессаның Греческий көшесінде болған еді. Кешке қарай тәртіпсіздік Куликов алаңына ауысты. Ол жерде унитарлы Украинаны жақтаушылар майданға қарсы жақтың лагерьін талқандады. Сонан соң проресейліктер жасырынған Кәсіподақтар үйінде өрт болды. Одесса милициясының мәліметінше, қалада орын алған тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Одессада тәртіпсіздік салдарынан қайтыс болғандарды еске алып, 3-5 мамыр аралығы қаралы күн болып жарияланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай