08 қараша 2014 22:38

"Петр Порошенко блогы" Парламентке көбірек мандат алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петр Порошенко. aif.ru Петр Порошенко. aif.ru

Орталық сайлау комиссиясы Украинаның Жоғарғы Радасы сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Парламенттегі 132 мандаттан көбірек иеленген "Петр Порошенко блогы" екінші орында келеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Орталық сайлау комиссиясы Украинаның Жоғарғы Радасы сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Парламенттегі 132 мандаттан көбірек иеленген "Петр Порошенко блогы" екінші орында келеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жоғарғы Рада сайлауында жеңіске жеткен премьер-министр Арсений Яценюктің "Халықтық тыл" партиясы 82 мандатқа ие болды. Бұл туралы Украина ОСК төрағасы Михаил Охендовский мәлімдеді. Оның айтуынша, Львов мэрінің "Өзіне көмек" партиясы 33 мандатпен үшінші орында тұр. Жоғарғы Радада "Оппозициялық блоктан" - 29, ал Олег Ляшконың радикалдық партиясынан - 22, "Батькивщиннен" - 19 депутат  болады.

Агенттік келтірген деректер бойынша, 96 өзін-өзі депутаттыққа ұсынушыдан және "Азаттық" ұлттық партиясынан алты өкіл халық қалаулысы атанды. "Мықты Украинадан", "Заступадан", "Оңшыл сектордан" парламентке бір-бір адамнан өтті.

Еске сала кетелік, партия тізімі бойынша Жоғарғы Рада сайлауына түсушілер хаттамасын толықтай есептей келе, Украинада Яценюктің "Халықтық тылының" жеңіске жеткені жарияланған. 

Екінші орында - 21,18 пайыз дауысқа ие болған "Петр Порошенко блогы". Львов мэрі Андрей Садов көшбасшылық ететін "Өзіне көмек" партиясы 10,97 пайыз дауыс жинаған,  Юрий Бойконың "Оппозициялық блогы" - 9,43, Олег Ляшконың радикалдық партиясы - 7,44, Юлия Тимошенконың "Батькивщинасы" 5,68 пайызды иленген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети