03 сәуір 2014 14:51

Ресей мен Қазақстан Украинада конституциялық реформа жүргізуді қолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. ©РИА Новости ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. ©РИА Новости

Ресей мен Қазақстан Украинада конституциялық реформа жасау керек деп есептейді, бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі кезінде айтылды деп хабарлайды "РИА Новости"


Ресей мен Қазақстан Украинада конституциялық реформа жасау керек деп есептейді, бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі кезінде айтылды деп хабарлайды "РИА Новости"

Кездесу барысында Украинадағы ахуалдың дамуы талқыланған. "Біздің экстремистер қызметінің жолын кесіп, Украинадағы ахуалдың жылдам қалыпқа түсуіне көмектесу, барлық аймақтың мүддесін ескере отырып, бәрін қамтитын конституциялық реформа жүргізу жөнінен көзқарасымыз ортақ. Біз де біздің қазақстандық достарымыз сияқты ЕҚЫҰ-ның мониторингілік миссиясының объективті әрі бейтарап қызметі украин дағдарысын еңсеруге үлес қосады, елдің барлық тұрғынының, оның ішінде, ұлттық және тілдік азшылықтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді деп есептейміз", - деді Сергей Лавров. 

Лавров жуық арада Қазақстан мен Ресейдің тату көршілестік пен ынтымақтастық жөніндегі шартты ратификациялайтынын айтты. "Біз президентке өткен жылдың қараша айында қол қойылған Ресей мен Қазақстан арасындағы тату көршілестік пен одақтастық туралы шартты ратификациялауға арналған құжаттар топтамасын ұсындық. Елдер бұл рәсімдерді жуық арада аяқтайды деп санаймыз", - деді Ресей Сыртқы істер министрі.

Өз кезегінде Ерлан Ыдырысов 2014 жылдың мамыр айының аяғында Астанада Еуразиялық одақ туралы шартқа қол қоюға әзірлену жөніндегі жұмыстар аяқталатынын жеткізді. 2015 жылға қарай құрылғалы отырған бірлестік Ресей, Беларусь пен Қазақстан интеграциясының жоғарғы кезеңі болмақ.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети