Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Ресей мен Украинаның қарулы күштері апатқа қатысымыз жоқ деп отыр

18 Шілде 2014, 12:38
0

Malaysia Airlines компаниясының Boeing-777 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған кезде аспанада Украинаның әскери әуе күштері болмаған. Ресей де апат аймағының әуе қорғанысы жүйесінен тыс жерде орналасқаны жайында мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz  УНИАН ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Украинаның қорғаныс министрлігі шілденің 17-сі күні әскери авиацияның ұшпағаны жайында айтып отыр. Ведомствоның хабарлауынша, сол күні зениттік-зымыран кешендері қолданылмады. Ал апат болған жер әуе қорғанысы жүйесінен тыс аймақта орналасып отыр. Ресей де солай дейді. Олар Украинадағы ұшақ апатын жан-жақты әрі ашық тергеуге, сондай-ақ бұл іске халықаралық ұйымдарды тартуға шақырып жатыр. "Апат аймағында Украинаның қарулы күштері орналасқан. Оларда "Бук-М1" үлгісіндегі зениттік-зымыран кешені бар. Бұдан бөлек, олардың әскери ұшақтары үнемі Донецк облысының үстімен ұшып жүреді", - деп мәлімдеді РФ қорғаныс министрлігі.   

Айта кетейік, Айта кетейік, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, апат болған жерде 121 адамның мәйіті табылды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай