15 наурыз 2014 20:27

Украина Ресейді өзінің ішкі істеріне араласпауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Дещица. ©Toptj.com Андрей Дещица. ©Toptj.com

Украина Ресейді өзінің ішкі істеріне араласпауға шақырады, бұл туралы Украина Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Андрей Дещица мәлімдеді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". "РФ Сыртқы істер министрлігі Украинаның ішкі істеріне араласпауы керек", - деді ол Киевте өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Харьковте болған оқиғаларға қатысты мәлімдемесі жөнінде түсінік беріп. Бұған дейін РФ Сыртқы істер министрінің адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Константин Долгов 15 наурызға қараған түні Харьковте оқ атып, екі адамды өлтірген оңшыл радикалдарды тұтқындаудан кейін Украинада экстремистерді жазалау бойынша шаралар қолға алынуы керектігін мәлімдеген болатын. "Харьковте неофашист содырларды тұтқындау жүгенсіз кеткен экстремистерді бейтараптандыру мен жазалау бойынша ауқымды әрекеттердің басы болуы керек" - деп жазған еді Долгов өзінің Тwitter-аккаунтында. Оның пікірінше, Украинаның расизмге, нәсіларалық дискриминацияға, ксенофобияға қарсы тұру жөніндегі халықаралық міндеттемелерінің күшін ешкім жойған жоқ, демек олар әрқашан орындалуы керек. "Украинадағы бандерашылдық құрылымдар ұлтаралық дүрдараздықты қоздыратын заңнан тыс ұйымдар деп танылуы керек", - деп мәлімдеді Долгов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети