15 наурыз 2023 09:36

"30 жылда мұндайды көрмедік". Ақтөбе облысындағы су басқан ауылда ТЖ жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Ақтөбе облысында аудан орталығы Қобда ауылы тасқынынан зардап шекті, тұрғын үйлер мен ірі әлеуметтік нысандарды су басты. Ауылда жергілікті төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" және "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында аудан орталығы Қобда ауылы тасқынынан зардап шекті, тұрғын үйлер мен ірі әлеуметтік нысандарды су басты. Ауылда жергілікті төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" және "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Күні кеше түнде облыс орталығына еріген суы келе бастаған. Адамдар өз күштерімен суға бөгет қоя алатындарына сенімді болған: әр көктемде жағдай осындай. Бірақ бұл жолы бәрі тез болғаны сонша, ауыл тұрғындары ес жиып үлгермеген. Көбі тек құжаттарын алып үлгерген. Көптеген тұрмыстық техника зақымданды.

"Біздің үйді толығымен су басып қалды. Ас үй құлады, монша түгел опырылды. Бастапқыда аз болды, сағат төрттерде. Сосын сағат алтыға қарай көбейді! Құбырдан ағызып жатқандай көп", – дейді ауыл тұрғыны Ольга Родноконная.

Кеше кештен бері ауылда эвакуация жүргізілген. Құтқарушылар су басқан үйлерден барлығы 92 адамды алып шықты.

Ресми мәлімет бойынша, 15 үй мен 28 ауланы су басқан. Әлеуметтік нысандар да зардап шекті: мектеп пен дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Оған тек қайықпен жетуге болады. Су тасқынының алдын алу үшін билік Самара-Шымкент тасжолының бөлігін жабуды ұйғарған: онда су құйылатын арна қазылған. Көлік қозғалысы қауіпсіз болған кезде қалпына келтіруге уәде берілді.

"Республикалық маңызы бар жолды қазу туралы шешім қабылданды. Сосын бүгін Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының жолдарында 500 жүк көлігі тұр. Бүгін кешке дейін су басылса, техниканы іске қосамыз", - деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев.

Кейбір аулаларда су белге дейін жетіп, көтеріліп барады. Жергілікті билік Қобдада соңғы 30 жылда мұндай су тасқыны болмағанын айтады.

"Қауіп әлі сақталады. Қобда өзені көтерілуі ықтимал. Біз жағдайды тәулік бойы қадағалап жатырмыз. Кеше ТЖД-дан қосымша 30 құтқарушы келді, бұл екі ауысым. Сондай-ақ, қосымша техникаларды тартып жатырмыз", - деді Қобды ауданының әкімі Болат Құлов.

Қобдадағы оқиға орнына облыс әкімі Ералы Тоғжанов келді. Ол зардап шеккен әрбір отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетініне уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети