15 маусым 2020 20:07

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт ауыздықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы облысы ТЖД Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысында құтқарушылар қоқыс полигонындағы өрт ауыздақтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Алматы облысында құтқарушылар қоқыс полигонындағы өрт ауыздақтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Сағат 14.00-де Алматы облысы Іле ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылған қоқыс полигонында өрт ауыздықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құтқарушылар өртті тәулік бойы сөндіріп жатыр", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге осы уақытқа дейін құтқарушылар 25 мың текшеметр топырақ және 5,5 мың текшеметр су пайдаланған. Сөндірілуі қиын жерлерге МИ-8 ұшағы арқылы су шашылды.

 Еске салайық, өрт 10 маусым сағат 14.26-да басталған болатын. Алматы - Өскемен көлік жолына жақын жерде Іле ауданындағы қоқыс полигонында тұрмыстық қатты қалдықтар өртенген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети