Балқаштағы өрт 150 гектардан аса аумақты шарпыды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Іле-Балқаш резерваты аумағында 150 гектар жер өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Іле-Балқаш резерваты аумағында 150 гектар жер өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 гектар алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 гектар болды, оның ішінде сөндірілгені - 6050 гектар", - делінген хабарламада.

ТЖД және "Іле-Балқаш" МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 гектар алаңда өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жақаны айтылды.

"Сонымен қатар, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24 градус, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы - 2 м/с", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқанын айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары алғашында өрт Қарағанды ​​облысының аумағында болып жатыр деп болжаған. Алайда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті олардың аумағында өрт болмағанын атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer