24 ақпан 2021 17:01

БҚО-да 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Энергетиктер электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Энергетиктер электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті облыстың сегіз ауданында 3112 абонент электр жарығынсыз қалғанын хабарлады.

"Бәйтерек ауданында Шалғай, Трекино, Көшім, Озерное, Забродино, Беспішен, Никонор, Хайруш, Оразғали, Жұлдыз, Жагор, Казталов ауданында Бесоба, Жаңажол, Қабыршақты, Жаңақала ауданында Бөркі, Саралжын, Теректі ауданында Бөкей, Федоровка, Шыңғырлау ауданында Жіңішке, Сырым ауданында Қазақстан, Жаңаталап, Тұңғыш, Бөрлі ауданында Қарашығанақ ауылы тұрғындары жарықсыз қалды", - деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Аймақта ауа температурасы 27 градустан төмен және секундына 20 метр жел соғып тұр.

"Автожолдардың 11 учаскесі жабылды, оның бесеуі республикалық маңызы бар тасжол. Қар күреуге 21 техника жұмылдырылды. Жылыту пунктіне бес адам орналастырылды", - деді құтқарушылар.

БҚО-да жедел штаб құрылды, 554088 нөмірі бойынша жедел желі телефоны жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети