24 ақпан 2023 11:42

БҚО-дағы төтенше жағдай: қаза болғандар туралы неге бірден хабарланбады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатынан кейін неге алғашында бәрі аман қалғаны мәлімделгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатынан кейін неге алғашында бәрі аман қалғаны мәлімделгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманқұловтың айтуынша, оқиға орнында байланыс нашар болған және интернет болмаған.

"Диспетчер тірі қалған қызметкерімізге қоңырау шала алмады, оқиға орнында байланыс өте нашар болды, интернет жоқ еді, телефон байланысы да нашар болды. Сондықтан диспетчерлер қоңырау шалған кезде аман қалған қызметкеріміз "тірімін" не "тіріміз" деп, телефон байланысы үзіліп қалған", - деп түсіндірді ол брифинг барысында.

Оның сөзінше, барлық дерек нақтыланған кезде қызметкерлер қаза тапқаны расталған.

"Қызметкерлеріміз игі іспен айналысты, адамдарды құтқаруға және денелерді шығарып алуға қатысты. Дәл сол кезде қызметкерлеріміз осындай оқиға болуы мүмкін екеніне дайын емес еді", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым жерде Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен қонған. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Ол "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру үшін ұшқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети