27 тамыз 2021 09:00

Жамбыл облысындағы жарылыстар: 6 адам ауыр жағдайда жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккен 28 науқас ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккен 28 науқас ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram