19 ақпан 2021 11:25

Қостанайдағы көлік коллапсы. Ауа райы қолайсыздығына байланысты көліктер жолда қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қатты бұрқасын салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қатты бұрқасын салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында таңертеңнен толассыз жауған қардан бірнеше тасжол жабылды. Облыста жауын-шашынның рекорд мөлшері түскен. Коммуналдық қызмет қалың қарды күреп үлгермегендіктен жолдарда кептеліс пайда болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары елді мекендегі жағдай туралы видеоларын бөлісіп жатыр. Мысалы Қостанайдағы Садова көшесінде көлік коллапсы болған. Ондаған көлік қар астында қалып, орнынан қозғала алмай қалған.

Ал Рудныйда жол талғамайтын көлік қар құрсауынан жүк көлігін сүйреп шығарған. Видеодан жол талғамайтын көліктің қар басқан жолмен ауыр жүк көлігін сүйреп бара жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары Қостанай полицей әрекетіне де разы болды. Ер адам бораннан жолды көру мүмкін болмағандықтан көліктердің алдына түсіп жол көрсеткен.

Қостанай Білім бөлімі ауа райы нашарлауына байланысты, оқушылар жазатайым оқиғаға ұшырамас үшін 2021 жылғы 19 ақпанда 1-2 ауысым оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети