Оралда қоқыс полигонындағы өрт бесінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Орал іргесіндегі Асан ауылы маңындағы полигонда бесінші күн қатарынан өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орал іргесіндегі Асан ауылы маңындағы полигонда бесінші күн қатарынан өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, "Жайық таза қала" серіктестігі орнында өртті сөндіру жалғасып жатыр: өрттің таралуы тоқтатылған, бірақ әлі де тұтанып жатыр.

"Біздің қызметкерлер кабель тұтанған жерді анықтады, жиналған материал кінәлілерді анықтау үшін Орал қалалық ПБ берілген", - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Рашид Блялов.

"Жайық таза қала" ЖШС полигоны 2003 жылдан бері жұмыс істейді, оның жалпы ауданы 10 гектар. Карьердің тереңдігі алты метрден асады. Осы жылдар бойына тұрмыстық қатты қалдықтар, ағаш бұталары мен жапырақтары, сонымен қатар қыс мезгілінде қаладағы қар полигонға шығарылған. Өртті жою үшін бір гектар аумақтағы бүкіл ошақты топырақ қабатымен жабу керек.

"27 тамыздан бастап "Жайық таза қала" ЖШС мен БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі ауысымда өртті сөндіріп жатыр. Ауысымда "Жайық таза қала" ЖШС-нен 38 техника мен 45 жеке құрам, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен – бес техника мен жеке құрамның 25 адамы", - деп түсіндірді Рашид Блялов.

Спикер қазірдің өзінде 6363 тонна топырақ шашылғанын, 2054 тонна су берілгенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer