18 тамыз 2022 | 09:50

Теміртаудағы газ "жарылысы": жаңа мәлімет айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz© Фото Tengrinews.kz©

Теміртауда жартылай қираған үй тұрғындары пәтерлерінен бағалы заттарын ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда жартылай қираған үй тұрғындары пәтерлерінен бағалы заттарын ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Теміртаудағы үйлердің бірінде газ "жарылғаннан" кейін 19 тұрғын политехникалық колледж жатақханасына орналастырылған. Тұрғындарға пәтеріне ең қажетті заттары және құжаттар үшін ғана кіруге рұқсат етіледі.

"Мысығым бір жақта, итім бір жақта, күйеуім екеуміз осындамыз, балам ағамның үйінде. Жаңа ғана барып, сұрадым: "Үй жабдықтарын алуға рұқсат бересіздер ме?" деп. Олар "жоқ, тек қажетті заттарды. Кінә жарылыстан екені дәлелденсе, иә, шығынды өтейміз. Ал егер үй құлап қалса, шығынды өтемейміз" деді", - дейді үй тұрғыны Анна Майжалова.

Тұрғындар кешеден бері пәтерлерге кіре алмай отыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, кіреберіс есіктер жабық. Бір күннен кейін оларға ең қажетті заттарды алуға рұқсат берілген, бірақ тек бір отбасы мүшесі кіре алады. Ол арнайы баскиім киіп, құтқарушылармен бірге жүруі керек.
 
Төтенше жағдайлар қызметі мәліметінше, газдың "жарылуы" үшінші қабатта болған. Төрт пәтер толығымен қирап қалды. Оқиғаның хронологиясы мен үйдің одан арғы тағдыры апта аяғына дейін жарияланады деп уәде етілген. Үй иелері мен шенеуніктердің өздері үй қалпына келеді деп үміттенеді. 80 пәтердің тұрғындары туыстарына кетсе, қалған 19 адам жатақханаға орналастырылған.

Еске салайық, 16 тамызда Теміртауда бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының шығуы салдарынан едендер арасындағы плиталар опырылған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети