16 тамыз 2022 16:45

Теміртаудағы "жарылыс": зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда көпқабатты үйдегі газдың "жарылуынан" кейін жедел штаб құрылды. Зардап шеккен отбасылар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда көпқабатты үйдегі газдың "жарылуынан" кейін жедел штаб құрылды. Зардап шеккен отбасылар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов бір бөлігі опырылған 80 пәтерлі көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Ол зардап шеккендерге пәтерлерді қалпына келтіруге және тұрғындарды уақытша баспанаға орналастыруға көмек көрсетілетінін айтты. Төрт отбасы уақытша баспанаға мұқтаж, қалғандары туыстарының үйіне орналастырылады. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин де жүр.

Оқиға салдарынан 12 пәтердің терезелері мен кіреберіс есіктері қираған. Зардап шеккен ғимараттың барлық тұрғыны эвакуацияланды. Темірбетон конструкцияларды бөлу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олардың үшеуі үйіне шығарылған. Пәтерінде газ-ауа жалыны шыққан 33 жастағы ер адам ауруханада тексеріліп жатыр.

"Жедел жәрдем қызметкерлері 1989 жылы туған науқасты жеткізді. Түскен кезде науқас есін біліп жатты. Сол жақ аяқ-қол аймағындағы ауырсыну және бас жарақатына шағымдары. УДЗ жүргізілді, іш қуысы мүшелерінің зақымдануы анықталмады. Осы кезеңде компьютерлік томография, хирург, травматолог, нейрохирургтың бірлескен тексеруі жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети